ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысы Түркістанда өтті

Еуразия күн тәртібі – 06

1717200
ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысы Түркістанда өтті

Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстанда өткізілген ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысына тоқталамыз.

Түркітілдес Елдердің Парламенттік Ассамблеясы ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысы 2021 жылы 27-28 қыркүйек күндері Қазақстанның Түркістан қаласында ұйымдастырылды.

Түркі әлемінің рухани астанасы деп жарияланған Түркістан қаласында өткізілген жиналысқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның Мәжіліс төрағалары, Өзбекстан мен Венгрия Мәжіліс төрағаларының орынбасарлары, Халықаралық Түрік Кеңесі, Халықаралық Түрік Академиясы және Түріксой сияқты ұйымдардың өкілдері қатысты.

ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысының беташарында Қазақстанның тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған үндеулер оқылды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысына жолдаған үндеуінде «Халықаралық Биологиялық Қауіпсіздік агенттігін» құруды ұсыныс етті. Жиналысқа қатысқандар Тоқаевтың ұсынысын қабылдады және қорытынды баяндамасына енгізді.

Қазақстан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин үй иесі болған жиналыста ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынастар мен парламенттер арасындағы ынтымақтастық, аймақтың қауіпсіздігі сияқты мәселелер қолға алынды. Ұйымның кезекті төрағалығы Әзербайжаннан Қазақстанға өтті.

Орталық офисі Бакуде тұратын ТҮРКПА Түркі Республикалары, әсіресе Түркі Республикаларының Парламенттері арасындағы ынтымақтастықты бекемдеу үшін жұмыстануда. ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысында ұйымның жаңа Бас хатшысы және оның орынбасарлары тағайындалды. ТҮРКПА Бас хатшылығына тәжірибелі дипломат Мехмет Сурейя Ер сайланды. Жаңа Бас хатшы бұрын ТИКА төрағасының орынбасары және Түркияның Өзбекстандағы өкілетті елшісі міндеттерін атқарған, Түркі әлемін жақсы біледі.

Қазақстан Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жиналыстағы сөзінде «Түркі көзқарасы-2040» стратегиялық құжатын қолдап, өнегелі заңдардың шығарылуы керектігін айтты. Нұрлан Нығматулин кибер қауіпсіздік саласында шығарылатын заңның осыған үлгі болатынына назар аударды.

Жиналыс соңында ТҮРКПА-ның оныншы Пленарлық отырысы «Түркістан декларациясы» қабылданды. Келесі жиналыс 2022 жылы Бішкекте ұйымдастырылады.

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп жиналыс алдында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның тұңғыш елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Қазақстан Мәжілісі мен Сенатының төрағаларымен жеке-жеке кездесті. Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне барған Шентоп Халықаралық Түрік Академиясының іс-шарасына қатысты.

Түркия 30 жылдан бері Түркі әлемінің тоғысуы үшін талпыныс көрсетуде. Түркі әлемін бірлестіретін организацияларға және ұйымдарға белсенді қолдау берген Түркия ТҮРКПА-ның халықаралық ұйымға айналуына да үлкен еңбек етті.

2008 жылы құрылған ТҮРКПА-ның халықаралық салада Түркі Республикаларын таныстыру, басқа халықаралық ұйымдар, парламенттермен ынтымақтастықты бекемдеу сияқты тақырыптарда бастамашы рол ойнап келеді.

Түркі Республикаларының халықаралық салада ортақ пікірге келуі, ортақ әрекет жасауы үшін тіпті көп ортақ заң ұсыныстарын қабылдауы, осы тақырыптарда келісімге келулері қажет. Бұл түйінде ТҮРКПА-ның міндеті ауыр. ТҮРКПА халықаралық салада Түркі әлемінің жігеріне өкілдік етеді.



Ұқсас жаңалықтар