Коммагене өркениеті және Немрут тауы

Анадолының тұңғыштары - 1

1704705
Коммагене өркениеті және Немрут тауы

Елді мекендерден едәуір алыста, көз жететін жерде, жалаңаш жолда қиын өрмелеу күтіп тұр сізді. Жалаңаш, себебі ешбір ағаш немесе жасыл көре алмайсыз. Қиын, себебі бұрылыстар көп және асулар тік бұл жолда. Екі мың жыл бұрын тек жаяу немесе есектермен жүрген осы жолда.  Бүгін болса көлікпен жүруге болады. Бірақ ол көліктің де мықты көлік болуы керек. Себебі күннің атуы мен батуын әлемде ең тамаша түрде көруге болатын сол бірнеше минутқа қол жеткізу тек осылай ғана мүмкін.

Анадолы территориясында өркениеттер, мәдениеттер, мемлекеттер секілді сол елдердің патшалары, императорлары да баяндауға татиды. Кейбірі шайқастарда тарихқа таңбасын басқан,  кейбірі жасаған бейбітшілік келісімдерімен. Кейбірі өзінің ұлылығын әлемге паш ету мақсатында алпауыт ескерткіштер тұрғызады.  Кейбірі өлімсіздігін жариялайды.  Кейбірі өзінің құдай екеніне сендіру үшін табиғаттың кереметтерін пайдаланады.  Немрут тауындағы Коммагене өркениетінің атақты патшасы І Антиох туралы айтып береміз. Қане,  сол аңыз болған алпауыт мүсіндерді тұрғызған адам.

**

Коммагене өркениеті бүгінгі Адыяман, Каһраманмараш және Газиантеп қалалары мен Немрут тауын да қамтитын аймақта құрылған.  Коммагене -   бір жағынан Рим империясы, бір жағынан Парсы патшалығына көрші ел. Тұғырына орай саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан едәуір маңызды жерде орналасқан.  Евфрат өзеніне және ол сулаған жазықтыққа ие.  Құнды кедр ағаштары мен басқа да табиғи ресурстар тұрғысынан бай мемлекет. Кішкентай болса да Коммагене шығыс пен батыс арасында аралық аймақ секілді болған.  Патшалары Антиох саяси зейіні мықты болғандықтан шайқаспастан 40 жыл бойы елін басқарады.  Негізінде патшаның әкесі Парсы, анасы Эллин текті.  Осының артықшылығын да пайдаланады.  Өзі өмір сүрген дәуірдің маңызды екі мәдениетін тоғыстыруды мақсат етеді Коммагене патшасы және әрі парсы,  әрі эллин құдайларын қасиетті деп есептейді. Немрут тауында мыңдаған жылдан кейін «Құдайлардың тағы» деп аталатын он метрлік көркем құдай мүсіндерін және бірнеше метрлік жазуларды міне сондықтан жасатқан.

**

Коммагене патшасы осы мүсіндерді тек шығыс пен батыс мәдениетін бірлестіру мақсатында жасатып қана қоймайды.  Көрген адамды таңғалдырған осы теңдесі жоқ алып мүсіндерді әрі аталарына және құдайларға алғысын көрсету,  әрі өлімсіздігі мен Құдай-патша екенін дәлелдеу үшін салғызады. Көп ақша жұмсалады, ұзын жылдар бойы көптеген адам еңбек етеді осы керемет мүсіндер үшін.  Бүгін шығыс, батыс және солтүстік терассалары деп аталған алаңда тұр мүсіндер. Шығыс пен батыс терассасында беттері күннің атуын көретін түрде тақтарында отырған алып құдай мүсіндері орналасқан. Бұлар аспанның иесі бүркіт, жер бетінің иесі арыстан, Коммагене патшасы І Антиох, Зевс, Апполон және Геракл. Шығыс террассасы климат және ауа райынан одан да көп ескіргендіктен осындағы мүсіндердің бастары құлаған. Бастары кеуделерінің алдында тұр. Батыс террассасындағы мүсіндерді оригинал күйінде көруге болады.  Сол дәуірдің технологиясын ойлап қарағанда алып пішінді құдай мүсіндерінің қалай жасалғаны да назар аударады.  Археологтар таудағы әктас блоктары тұрған жерде пішінге келтіріліп, мүсінге айналдырылғанын айтады.  

Патша Антиох салғызған мүсіндер негізінде өзі өлгеннен кейін көмілу үшін жасатқан мемориалды қабір мен қорғанын қоршап тұр.  Мүсіндерден тұратын тақтардың артында 200 жолдан көп бір жазу орын алған. Эллиндік стильде жазылған өсиет іспеттес осы жазу арқылы Коммагене патшалығының жұмбағы ашылады.  Жазуда патша қорғанның ішінде өзінің қасиетті қабірі бар екенін айтады. Өзінен кейін келетін тұлғалардан храмға құрмет көрсетілуін сұрайды.  Айырықша ғибадат ету үшін келгендерді мақтайды, жаман ниетпен келгендерге қарғыс айтады.

«Көркем тегімнің қасиетті абыройына арналған ауылдардан қамдалатын табыс арқылы осы құрбандықтар үстіне молынан ладан мен шөптер ұсынылуы керек, айырықша құдайлар мен мен үшін керемет садақа берілуі керек. Қасиетті үстелдерді оған лайықты тағамдармен толтыру қажет. Жергілікті,  шетелдік барлық келген адамдарды қонақжайлықпен қарсы алу және астың керемет болуын қамдау қажет» деп айтқан патша өсиетінде.

**

Коммагене патшасының мемориалды қабірі Анадолының ең қызықты қорғаны,  себебі сынық тастардың жиналуымен қалыптастырылған қорғанға ешбір қабір ұқсамайды. Осы төбе аймақтың ең биік жері, 2100 метрдегі Немрут тауының шыңында орын алған. Жартасқа ойылып жасалған қабір бөлмесінің үсті биіктігі елу метр қорғанмен қапталған.  Қорған қабір ұрыларының алдын алу үшін алақандай кеспе тастардан қалыптасқан. Коммагене патшасының осы айласы едәуір маңызды, себебі қазылған сайын құм секілді тастар төменге сырғығандықтан, бүгінге дейін қабірге жету мүмкін емес.

Мемориалды қабірдің үстіне жасалған қорған күннің атуы мен батуын тамашалайтын керемет жер. Таудың шыңы төңіректегі барлық жерден биік болғандықтан күн туған кезде де, батқан кезде де керемет көрінеді. Бәлкім сондықтан болар Немрут тауында күннің атуы мен батуына куә болғандар таңғалғандарын және басқаша сезімде болғандарын жасыра алмайды. Бәлкім әлемнен, сол сәттен бірнеше минут алыстап, құпия уақытқа өткендіктен бе, бәлкім сол сәтті уақыттың үнсіз куәгерлерімен бірге қарсы алғандықтан ба белгісіз. Немрут тауында жүргізген маңызды археологиялық еңбектері және «Немрут тауының шыңында Құдайлардың тақтары» атты кітабымен танымал неміс археолог Фридрих Дорнер Немрут тауына бірінші рет шыққан кезін еш ұмыта алмайтын жеткізеді. «Қаншалықты дайындалып барсаңыз да таңғалмай тұра алмайсыз» дейді ол.

**

Әрі табиғи ескерткіш, әрі адам қолынан шыққан тарихи туынды ретінде Немрут тауы бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде тұр.  Шығыс пен батыс өркениеттері арасында бір көпір қалыптастырған Коммагене өркениетінің құдай мүсіндері міне Немрут тауының үстінде.

Сансыз өркениетке бесік болған Анадолы территориясы басқа бір бейнесін көрсетеді Немрут тауында. Өткен күн мен болашаққа қарап тұрған алып мүсіндер біздерді сиқырлап алады.  Басқа бір әлемнің қақпасы ашылғандай болады. Күн атқан кезде барлық жерді қызылға бояйды. Барлық нәрсе үнсіз қалады.  Уақыт тоқтайды.  Бір ғажайып жүзеге асады, күн қайтадан атқанда адам уақыттың басталғанына куә болғанын ойлап бастайды. Осылайша жаны тынышталады.



Ұқсас жаңалықтар