Амасияда туған Страбон - тұңғыш географ

Анадолының тұңғыштары -22

1701716
Амасияда туған Страбон - тұңғыш географ

Уақыт пен мекен туралы ойланып көрдіңіз бе? Бірінсіз бірін анықтап айту қаншалықты мүмкін? Екі түрлі ұғым секілді көрінсе де,  бүгінгі күні уақыт пен мекен бірін бірі толықтыратын, тіпті бір бірімен тоғысып кеткен ұғымдар. Ғарыш және уақыт жөнінде еңбектері және зерттеулерімен танымал математик Минковский «уақыт пен мекен бөлек бөлек қолға алынғанда, көлеңке секілді жойылып кетеді» дейді. Осы тақырыпта зерттеу жүргізген тарихшы және сәулетші Гидион «уақыт мекеннің төртінші мөлшері» дейді.

Тарих ғылымы да осы екі ұғым арқылы қолға алады оқиғаларды.  Уақыттан тәуелсіз бір жерде болған оқиғаны баяндау немесе керісінше бір оқиғаны болған жерінен тәуелсіз бір уақыттан айтып беру ғылымилыққа жатпайды. Бүгінгі география ғылымы да осы екі ұғымды негіз қып алады.  «Мекен» сөзін адамдар тұратын, олар өмір сүрген алаң деп бағалайды және мекенді біртұтас территория деп қолға алады.

        **

География сөзі ежелгі грек тілінен келеді.  «Әлем» және «сызу» немесе «атау» деген сөздерінің бірлесуінен қалыптасқан. Бірінші рет философ Эратосфен қолданады осы сөзді.  Жер шарының төңірегін және Күннің Жерге деген қашықтығын шындыққа өте жақын түрде есептеген, ендік пен бойлықтарға қарай координаттар жүйесін жетілдірген Эратосфен математика және география тақырыбындағы еңбектерін «География» атты кітабында жинақтайды. Кейінгі дәуірде бір ғылым түрі болатын география атын осы кітаптан алады. Эратосфен географияның құрушысы ретінде қабылданса да,  одан бұрын осы тақырыпта жұмыс істегендер болған. Кейбір ойшылдар климат және өсімдік қабаттарын зерттеген,  кейбірі теңізді, көлдерді, ағын су қойнаулары, су тасқындарын зерттеген,  кейбірі де ауа құбылыстарын, жанартауларды зерттеген. Негізінде барлығы өздері өмір сүрген әлемді түсінуге және ақылмен түсіндіруге тырысқан.  Геродот,  Фалес, Аристотель, Страбон және Батламус география ғылымының бастаушылары. Тарихтың атасы ретінде танылған Геродот Жерорта теңізі аймағын, Кіші Азияны, яғни Анадолыны, Македониядан мысырға және тіпті Үндістанға дейінгі территорияны аралайды. Көбіне математикалық теорияларымен танымал Фалес Жер шарының пішіні жөнінде зерттеу жүргізіп, география ғылымына үлес қосады. Аристотельдің ойынша алдымен «жер» болады және географияның негізін «қайда» деген сұраққа берілген жауап қалыптастырады. Алайда Ежелгі дәуір және география деген кезде еске бірден Страбон мен Батламус түседі.

Бүгінгі бағдарламамызда Страбон туралы айтып береміз.  Неге Старбон? Себебі ол Амасиялық. Анадолының тұңғыш және ежелгі дәуірдің ең атақты географы.

**

Анадолының солтүстігінде орналасқан Амасияда, сол кездегі атымен Амесияда дүниеге келеді Страбон. Рим империясы Анадолыда кеңейе бастаған кезде, христиандық тарауынан бұрынғы кезге куә болады. Көруге және үйренуге деген қызығушылығын отбасының берген мүмкіндіктерімен бірлестіріп, ежелгі дәуірдің ең маңызды ғылым орталығы Римде және Мысырда жақсы білім алады. Империяның ауқымды территориясының көбін аралайды. Ол барып көрген жерлері туралы жазған 17 томдық «География» кітабы қазір мемориалды туынды деп есептеледі.  Осы туынды тек география оқулығы ғана емес,  себебі Страбон өзі баяндаған жерлерді тұрғындарымен бірге қолға алады. Тарихи оқиғаларға, көштерге, тайпаларға,  қай ұлттың қай жерге қоныс тепкеніне байланысты әлеуметтік және философиялық жағынан маңызды энсиклопедия іспеттес «География» кітабы.

         Страбон ғаламның орталығы Жер шары дегенді алға тартады. Құрлықтарды мұхиттармен қоршалған бір арал деп сипаттайды. Жер шарының ең солтүстігінің салқын,  ең оңтүстігінің ыстық екенін және сондықтан адамдар мекендемегенін айтады.  Ол климатына қарай Жер шарын белдеулерге бөледі. Топография, яғни жер бедерінің қоныстарға қалай әсер кеткеніне, пішіндегеніне назар аударады.  География білімінің мемлекеттердің пайдасына асатын маңызды фактор екенін қолдайды.

Кітабында судың қажау күшін, эрозияны, желдің қалыптасуын және кейбір жер пішіндерінің қалай қалыптасқанын баяндайды.  Тек бір мұхит бар екенін және әрдайым батысқа барғанда міндетті түрде Үндістанға жетуге болатынын айтады.

Страбон  тек аймақтарды баяндап қана қоймайды.  Адам мен табиғат әсерін де тілге тиек етеді.  Себеп – нәтижесі қатынасына тоқталады.  Өз ойларына да орын береді.  Міне,  сондықтан тұңғыш географ ретінде қабылданады. Географияның бір ғылым екенін де Страбон айтады. «Мен зерттеуге ниет еткен География ғылымы менің ойымша, кемінде барлық ғылымдар секілді бір философтың ықылас алаңына енеді және көзқарастарымның растығы көбіне көрінеді» деп жазған ол.

**

Әлемнің тұңғыш географы ретінде танымал Страбонның туған жері – Амасия. Амасиялық Страбон қаланың атының Амазон патшайымы Амисистен келгенін айтады.

Амасия – Түркияның екінші ағын суы Йешилырмак екіге бөліп тұрған,  қатты жартастардың арасында жасырынған бір қала.  Паналы құрылымы - жүздеген жылдан бері елді мекен үшін таңдалуының басты себебі. Алғашқы дәуірде маңызды жолдар тоғысқан бір сауда орталығы болған.  Қаланың тарихы хеттерге дейін созылады.  Фригтер,  лидиялықтар, парсылар, Понтус патшалығы, Рим Империясы, Селчук және Османлы мемлекетінің билігінде болады.

Страбон тумастан бұрын қала Понтус патшалығының бас қаласы болған.  Харшена тауының оңтүстік бөктеріне патшалар үшін мемориалды қабірлер ойылған.  Бүгінгі күні жергілікті және шетелдік туристер қызыға тамашалайтын Понтус патшасының жартас қабірлері едәуір керемет көрінеді. Қабірлер тұрған үңгірлерді бірін біріне байланыстырып тұрған туннельдер болса адамды басқа бір әлемге апарады. Әлемдегі жартас қабірлері дәстүрінің таңдаулы мысалдары арасында көрсетілетін Понтус патша жартас қабірлері Харшена тауымен бірге ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытшы тізіміне енген. Қала орталығында Йешилырмак жағасындағы «Шахзадалар серуен жолында» Страбонның бір мүсіні бар және артында Понтус патша қабірлері.

**

География деген кезде әлемде еске бірден келетін тұлғалардың бірі – амасиялық Страбон. Аралап көру, көргендерін жазуға деген сүйіспеншілік пен ғылымға деген ықыласы бізге көп есікті ашады. Өзі өмір сүрген кездің тандаулы географиялық деректері жинақталған ауқымды алғашқы туынды оның кітабы. Ежелгі дәуірде көп оқылмайды бұл туынды, Византия кезінде қайта жанданады. Артынан көптеген тілге аударылады. Азия, Еуропа және Африка туралы айтылған 17 томдық кітабында Анадолыға үш том бөледі.  Анадолының тарихы және географиясы жөнінде ежелгі деректер осы кітапта.



Ұқсас жаңалықтар