Эзоп пен Евдокс

Анадолының тұңғыштары -15

1678467
Эзоп пен Евдокс

Бір кездері бір шаруашылықта бірін бірін жек көретін екі қораз өмір сүрген екен. Бір күн болары болып, бір бірімен кездескен кезде төбелес бастаған. Төбелесте жеңілген қораз ұялып, қапастың бір бұрышына тығылыпты. Жеңіске жеткен қораз болса мақтанып,  қапастың төбесіне шығып, қанатын ашып, шақыра бастапты. Осылайша жеңгенін баршаға естірткісі келген екен. Бірақ аспанда айналып ұшып, аң іздеген бір бүркіт қоразды көріп, көтеріп кеткен екен.

**

«Көп мақтанып алға шыққандар көптің назарына ілініп, әсіресе жаудың көзіне батады» деген тақырыпты атап көрсеткен Эзоптың мысалымен бастадық бүгін бағдарламамызды.  Артынан жануар мысалы деп аталатын осы жан-жануарлар сөйлейтін аңыз әңгімелердің бастаушысы Эзоп туралы айтып береміз. 

Анадолы – өркениеттер сабақтастығы. Себебі мыңдаған жылдан бері еш үздіксіз кейде бірінен соң бірі, кейде бір бірімен бір уақытта түрлі мәдениеттерге бесік болған. Өнер,  мәдениет, әдебиет, архитектура...барлығы бір бірінен шабыт алған,  барлығы әлемге әсер еткен. Міне,  Эзоп та солай.  Анадолыдан шығып,  бүкіл әлемге тараған әдебиет түрінің, әрі күлдіретін, әрі ойландыратын мысалдардың атасы Эзоп. Оның өмірі туралы нақты мәлімет жетпеген.  Тек Эмирдаг маңындағы Амориум қаласында туылғаны туралы мәлімет нақтырақ. Фракияда туғаны туралы айтатындар да бар. Фригиялық екенін айтқандар да. Тіпті осындай бір адамның еш болмағанын, аңызға айналған ойлап табылған кейіпкер екенін алға тартқандар да кездеседі. Біз сонда да ежелгі дәуірдің атақты тарихшысы Геродоттың айтқандарына сенелік.  Тарихтың атасы Геродот Эзоптың өзінен жүз жыл бұрын өмір сүргенін және құл екенін айтады шығармаларында.

Эзоп халықтан естіген,  кейді өзі ойлап тапқан мысалдары арқылы адамдарға адамгершілікті болуға, дұрыс қимылдауға кеңес береді,  бір жағынан да әлсіздіктерді және кемшіліктерді көрсетіп береді. Оны да сол кезге дейін еш қолданылмаған бір әдіспен істейді: мысалдарды жануарлар арқылы баяндайды.  Яғни жан-жануарларға тіл бітірді. Мысалдарында жануарлар өз ерекшеліктерімен орын алады.  Яғни түлкі қу, қасқыр опасыз,  арыстан батыл, тышқан қорқақ осы аңыз ертегілерде. Бірақ олар адам секілді сөйлеп, адам секілді ойлайды. Эзоп мысалдарында өте қарапайым тіл қолданады.  Әрбір мысалдың аяғында адамда тәлім беретін сабақ болады.

***

Жүргізілген зерттеулер жануарларға тіл бітіріп,  олар арқылы хикая баяндаудың Эзоптан да бұрын болғанын көрсетеді.  Үндістаннан Месопотамияға тараған ауқымды жағрафияда осыған мысалдар кездеседі. Бірақ ол кезде бір әдеби түр ретінде танылмаған.  Бүкіл әлемге танымал болған мысалдар Эзоп әңгімелері латын тіліне аударылғаннан кейін ортаға шығады. Мысалдар француздың атақты ақыны Лафонтенге шабыт береді  және «ішінде сабақ, тәлім орын алатын хикая» ретінде аталып, әлем әдебиетіндегі орнын алады осы мысалдар. Тіпті кейбірі Лафонтеннің ертегілерінің барлығының негізінен Эзоптан алынғанын алға тартады.

Эзоп шығармаларының он том ретінде жинақталғаны белгілі, бірақ жоғалып кетеді. Кейбірі Эзоп қайтыс болғанда ертегілердің санының жиырма шақты екенін айтады.  Бәлкім кейбірі Эзоптікі деп әңгімелердің артуын қамдады, бәлкім бәрін Эзоп баяндады. Белгісіз. Бірақ әлемнің ең атақты ертегішісі ретінде есептеледі анадолылық Эзоп және ертегілері де адам баласының ортақ мәдениетінің жәдігерлері ретінде тарихта қалады.

Екі мың алты жүз жыл бұрын Эзоппен Анадолы географиясында басталған мысал ертегілер артынан Лафонтенге шабыт берді және бүкіл әлемге тарады. Себебі сөйлейтін, адам секілді қимылдайтын, философиясы бар осы жануар ертегілері балалар секілді ересектерге де ұнады. Бүгін айтылған секілді жанды және жандылығын сақтап қалған,  бізді басқа ерекшеліктерімізбен таныстыратын Эзопқа мыңдаған жылдан кейін біз де сәлем жолдаймыз.

**

Анадолы тек тарихтың және әдебиеттің ғана емес,  сонымен бірге медицина мен математиканың да бесігі. Мысыр мен Месопотамияда туғаны қабылданған математика -  адам баласы тарихының ең ескі ғылымдарының бірі. Геродот Ніл өзені тасқындарының математиканың, турасын айтқанда геометрияның туындауында рол ойнағанын алға тартады.  Аристотель болса дін қайраткерлерінің ермек ретінде математиканы ойлап тапқанын айтады. Математикадағы жетістік Ион дәуірінде тіркеледі.

Анадолылық Эзоптың танымалдығының аз болып,  Лафонтеннің әлемге танымал болуы секілді осы жағрафияда Архимедке, Евклидке жол көрсетуші болған, бірақ аз танымал ежелгі дәуірдің маңызды ғалымы бар: Книдтік Евдокс. Мугланың Датча ауданына қарасты Книд қаласында туған Евдокс атақты ежелгі грек философы Платонның шәкірті болған.  Ол тек философия тақырыбында жұмыс істемеген,  сонымен бірге математика, астрономия және құқық саласында білім алған. Әрі Книд қаласының құқық қағидаларын реттеген бір адвокат,  әрі теория жетілдіріп,  грек математикасын шыңына жеткізген, әрі бүгінгі астрономияның жолын ашқан ғалым.

Математика саласындағы еңбектері арқылы пропорция, алтын коэффицент секілді тақырыптарға үлес қосқан. Математика тарихы бойы математиктердің жұмыс саласының бірі болған Архимед аксиомасын жетілдіреді.  Тек теориялар ғана айтып қоймайды.  Евдокс пішіні дұрыс емес денелердің алаң және көлемдерін қарапайым түрде есептеуді ойлап табады.

**

Ғаламның құрылымының математикалық моделін ұсынған алғашқы кісі де осы Книдтік Евдокс. Осы еңбегімен Кеплер мен Коперникке жол көрсетеді.  Ғаламның жүйесін түсіндіру үшін бақылау жасау керектігін алға тартады. Бақылау мен сынақтарға сүйенбейтін пікір мен көзқарастарды назарға алмайды.  Галилей мен Ньютон да оның ізбасары болады. Мысырға сабақ беру үшін барады және көп жылдар бойы сонда болады. Сол жерде астрономиялық бақылау жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы бақылаулар нәтижесінде ғаламшарлардың жүйесіз, жұлдыздардың болса периодтық тәртіппен қозғалғанын байқайды. Айырықша шоқ жұлдыздардың қалыптасуын түсіндіреді және жұлдыз картасын сызады. Евдокстың ойынша Жер шары ғаламның орталығы,  барлық аспан құбылыстары дөңгелек және тәртіпті. Аспан материалдарының шар секілді көрінісі де оның пікірі. Осы пікірімен де заманауи астрономияға бастаушы болады.  Бұдан мыңдаған жылдар бұрын бір жылдың 365 күн 6 сағат екенін айтқан тұңғыш ғалым да осы Евдокс.

Математика  және астрономия тақырыбына үлкен үлес қосқан Евдокс. Алайда осы екі ғылыммен айналыспайтындар оны көп тани бермейді.  Архимед, Евклид, Коперник, Галилейлер танымал, олардың жолын ашқан Евдокс көп танылмайды. Сондықтан да оған лайықты құрмет көрсетілмейді. Ал оның ғылымға қосқан үлесі айтарлықтай.



Ұқсас жаңалықтар