«Месир пастасының» шамамен 500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 78

1661681
«Месир пастасының» шамамен 500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?
MESİR MACUNU 1.jpg

Жыл сайын фестивалі атап өтілетін «Месир пастасының» шамамен 500 жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?        

Шипалы тағам деп саналатын «Месир пастасының» пайда болуы тарихи бір әңгімеге негізделеді. Кануни Сұлтан Сулейманның анасы Хафса Сұлтан Маниса қаласында түсініксіз дертке шалдығады. Бұл ауруды емдеу үшін Сұлтан мешіті медресесінің емшісі 41 түрлі шөп пен дәмдеуіштер қоспасынан тұратын паста дайындайды. «Месир пастасы» деген атпен бүгінгі күнге дейін жеткен бұл шипалы қоспа қысқа уақытта Хафса Сұлтанды емдейді. Сұлтан оны сауықтыруға көмектескен «Месир пастасының» жыл сайын Наурыз апталығында яғни, 21 наурыз аптасында көпшілікке таратылуын талап етеді. Ұсақ қағаздарға оралған паста Сұлтан мешітінен халыққа таратылады. Сол күннен бастап, жыл сайын Маниса қаласында фестиваль өткізіліп, Сұлтан мешіті айналасына жиналған халыққа «Месир пастасы» таратылады. 

«Месир пастасы» ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі мағлұматтарға сай дайындалады. Оның құрамында бәден, қара зире, қыша дәндері, кокос, кардамон, қара бұрыш, қалампыр, зире, егістік күнзә, ревень, шафран, сағыз, даршын, ваниль, хош иісті бұрыш, зімбір, галангал, апельсин қабығы, фенхель жапырағы сияқты шөптер мен дәмдеуіштер бар. 

Ең белгілі пайдасы; табиғи дәмдеуіштердің араласуына байланысты беретін қуаты, энергиясы мен күші деп айтуға болады. Сондай-ақ экзема мен кейбір тері ауруларына да пайдалы. Дәмдеуіштер жөтелді тоқтатып, тыныс алу жүйесін жеңілдетеді және тұмауды емдеуде қолданылады. «Месир пастасының» құрамындағы кейбір дәмдеуіштер ревматикалық ауруларға да пайдалы, өйткені олар ауруды басатын қасиетке ие. 



Ұқсас жаңалықтар