Әлемнің тұңғыш медицина факультетінің Түркияда құрылғанын білетін бе едіңіз?

Ö9kfhls білетін бе едіңіз? - 77

1657185
Әлемнің тұңғыш медицина факультетінің Түркияда құрылғанын білетін бе едіңіз?

Әлемнің тұңғыш медицина факультетінің 13-ғасырда Кайсери қаласында құрылғанын білетін бе едіңіз?

Селчук билеушісі Кылычарслан II қызы Гаухар Несибе Сұлтанның өсиетімен ағасы Гияседдин Кейхусрау тарапынан 1206 жылы салғызылған медициналық ғылымдар оқытылатын медресе мен аурухана әлемде медициналық білім мен денсаулық сақтау қызметін бірге ұсынған алғаш орталық болып табылады.

Гаухар Несибе Сұлтан сарайдың атты әскер басшысына ғашық болады. Ағасы Гияседдин Кейхусрау І олардың үйленуіне рұқсат бермейді. Гияседдин Кейхусрау І  қолбасшыны соғысқа жібереді және оны соғыста өліміне себеп болады.

Осыдан кейін ауырып қалған Гаухар Несибе ағасына өлер алдында өз атына адамдар тегін пайдаланатын бір шипахана салуын өсиет етеді. Қарындасының өліміне қатты қиналған Гияседдин Кейхусрау І 1204-1206 жылдары арасында шипахананы, 1210-1214 жылдары арасында да медициналық медресені салдырады. Оның ауруханасында ішкі аурулар, хирургия және көз, психикалық аурухана мен невралогиялық аурулар бөлімшелерімен бірге бір дәріхана да қызмет еткен.

Осы медреседе өз кезеңінің белгілі түрік дәрігерлері білім алып, дәріс берген.

Гаухар Несибе ауруханасы мен медресесі Эрджиес университеті тарапынан мұражайға айналдырылып, 1982 жылы Гаухар Несибе атты медициналық тарих мұражайы ретінде келушілерге ашылды.



Ұқсас жаңалықтар