Әлемдегі алғашқы паромның түріктер тарапынан жасалғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 76

1652734
Әлемдегі алғашқы паромның түріктер тарапынан жасалғанын білетін бе едіңіз?

Әлемдегі алғашқы паромның Османлы мемлекеті кезінде түріктер тарапынан жасалғанын білетін бе едіңіз?

1800 жылдары Босфор бұғазының екі жағында тасымалдау жұмыстары қарапайым қайықтармен жүзеге асырылатын. 1840 жылдары кішкентай паромдар Босфорда тасымалдау қызметі ұсына бастады.

1850 жылы 'Ширкет-и Хайррийе' компаниясы құрылып, одан үлкен паромдармен Стамбул тұрғындарына теңіз тасымалдау қызметі басталды. Компанияның басшыларының бірі Хүсейин Хаки Эфенди жаңашыл бір тұлға еді және Босфорда әсіресе көлік тасымалдауды жеңілдететін бір шешімді ұзақ жылдан бері ойланатын. Компанияның сәулетшісімен бір жыл бойы жұмыс істеп, әрі алға және артқа қарай жылжитын, тегіс палубасы, үстінде жолаушы тасымалдайтын орындары мен екі шетінде қақпағы бар бір пароходтың дизайнын ойлап тапты. Бұл дизайнды Ұлыбританиядағы кеме өндеу зауытына жіберді. Британдықтар бұл дизайнға таңданды.

Құрылыс жұмыстары шамамен 2 жылға созылып, 1871 жылы аяқталған көлік тасымалдайтын паромға "жеңілдік" мағынасына келетін «Сухулет» деген ат берілді.

1872 жылы Үскүдар мен Кабаташ арасында алғашқы саяхатын жасаған «Сухулет» Босфордың екі жағында 89 жыл қызмет етті.



Ұқсас жаңалықтар