Ағры тауының Түркияның ең үлкен тауы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 73

1640325
Ағры тауының Түркияның ең үлкен тауы екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның ең үлкен тауы Ағрының (Арарат) діни аңыздардың орталығы екенін білетін бе едіңіз?

5137 метр биіктігімен Түркияның ең үлкен тауы Ағры «Ұлы Топанның» артынан Нұх пайғамбардың кемесіне қонақжайлық жасағаны себепті аңызға айналған ерекшелікке ие бір тау болып табылады. Қасиетті кітаптарда аты аталған Ағры тауының әртүрлі тілдерде көптеген атауы бар. Ассирия тілінде «таулы аймақ, биік мемлекет» деген мағынаға келетін және негізі «уруатри» деп айтылатын «Урарту» сөзі еврей тілінде жазылған «Киелі кітапта» (Інжілде) қате дыбыстаудың нәтижесінде «Арарат» деген формаға көшті. Қазіргі таңда көптеген мәдениетте Ағры тауы Ассирия текті осы атауымен танымал.

Нұхтың кемесі Ағры тауында деген сенім көптеген адамды осы тауға көтерілуге ынталандырды. Марко Полоның «ешқашан көтеріле алмайды» деген тауға алғаш 1829 жылы профессор Фредерик Фон Парат көтерілді. Екінші қысқы көтерілу болса біріншісінен ұзақ уақыт өткен соң 1970 жылы 21 ақпан күні Түркия альпинизм федерациясының бұрынғы төрағаларының бірі доктор Бозкурт Эргөр тарапынан жүзеге асырылды. Ағры тауына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған альпинист келуде.



Ұқсас жаңалықтар