Әлемдегі ең қымбат балдың Түркияда жиналғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 68

1619146
Әлемдегі ең қымбат балдың Түркияда жиналғанын білетін бе едіңіз?
kantaron bali guinness.jpg
kantaron balı.jpeg
kantaron balı...jpg

Әлемдегі ең қымбат балдың Түркияда шығарылғанын білетін бе едіңіз?

Түркияның тұрғын аймақтары және басқа ара колонияларынан алыста, теңіз деңгейінен 2 мың 500 метр биіктіктегі үңгірлерден жиналған шайқурай балының келісі 10 мың еуродан Гиннесс рекордтар кітабына "әлемдегі ең қымбат бал" ретінде енді.

Түркияда Жерорта теңізі мен Эгей аймақтарының биік жерлерінде өсетін кәдімгі шайқурай әлемнің ең қымбат балының ресурсы болып табылады. Басқа ара шаруашылығында жылына 2-3 рет бал жиналғанда, шәйқурай балы (Centauri) жылына бір рет жиналады. Әдеттегіден мүлдем басқаша қою түсті және ащы дәмі бар балдың бұл түрі магний, калий, фенол, флавоноидтар және антиоксиданттар тұрғысынан жоғары медициналық ерекшелікке ие.

Қоспаның құндылығы мен сапасын растау үшін Түркия Ғылым кеңесіне жіберілген үлгілер тексеріліп, ең сапалы өнімдер ғана жиналады.



Ұқсас жаңалықтар