Түркияның 2020 жылы Балканның ең көп медаль жинаған елі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 67

1614557
Түркияның 2020 жылы Балканның ең көп медаль жинаған елі екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның 2020 жылы Балканның ең көп медаль жинаған елі екенін білетін бе едіңіз?

Жеңіл атлетикадан жас санаттарындағы Балқан чемпионаттарында түрік спортшылар 123 медальмен Балқан елдерінің ең көп медаль жинаған елі атанды.

2020 жылы пандемия себепті өткен жарыстардың азайғанына қарамастан жабық алаң және ашық аспан спорт маусымында 43 Түркия рекорды жаңартылды. Ересектер категориясында жеті бөлек салада Түркия рекорд жаңартты.

Түркияның ең қабілетті 400 метр паралимпик спортшыларының бірі Берке Акчам өз салалық категориясында әлемнің үздігі аталғанда, Ясемин Жан да қатысқан «Жартылай марафоннан әлем чемпионатында» Түркиядан алғаш рет әлем жетіншісі аталған спортшысы болды.

Түркия жетістікке жеткен тағы бір спорт түрі – волейбол. Волейболдан түрік ұлттық әйелдер құрамасы «2020 CEV Токио Олимпиада ойындарының» Еуропа құрлығы іріктеу матчы финалында Германияны жеңіп, өз тарихында екінші рет Олимпиадаға қатысу үшін жолдама алды.



Ұқсас жаңалықтар