Гөбеклитепе

Анадолының тұңғыштары -2

1611522
Гөбеклитепе

 

Уақыт ішінде сапарлау мүмкін бе? Мүмкін болса егер,  өзіңіз қызығатын бір уақытқа барар ма едіңіз? Қазір уақыт машинасы ойлап табылмаған болса да, осы байырғы топырақтарда өте ескі уақыттарға бару, тарихтан бұрынға сапарлау мүмкін. Осы топырақтарда адамдық тарихына байланысты білгендеріңізді керісінше қылатын бір жер бар. Не туралы айтып отырғанымызды біліп отырған шығарсыз. Шамамен он екі мың жыл бұрыннан қалған Гөбеклитепе туралы айтып береміз бүгін.

**

Гөбеклитепе Түркияның оңтүстік шығыс Анадолы аймағында Шанлыурфа қаласына 17 км қашықтықта орналасқан. Гөбеклитепенің ашылуы адам баласы тарихы,  діндер тарихы және отырықшы тұрмысқа өтуге байланысты білетіндеріміздің барлығын,  тарих түсінігін өзгертті. Себебі Гөбеклитепе секілді маңызды, тарихымызды қайтадан пайымдауымызды және тіпті қайтадан үйренуді қамдайтын басқа археологиялық жаңалық жоқтығын айтып отырған зерттеушілер бар. Сондықтан Гөбеклитепе жөнінде «Тарихтың бастауы» дейді.  Тарихты Гөбеклитепемен бастатады олар, яғни белгілі ең ежелгі тарихымыздан да жеті мың жылбұрыннан.  Он екі мың жылдық құпия туралы айтып отырмыз. Құпиясы әлі шешілмеді, жеңілдікпен де шешіле қоймас. Себебі Гөбеклитепенің қазбаларының елу, тіпті жүз жыл жалғасуы мүмкін екенін айтып отыр.  Көптеген теория айтылуда, сансыз хикая. Бір ғибадат орны дейтіндер де бар,  бір обсерватория болған деп айтатындар да бар.

Гөбеклитепе туралы кейбірі Адам Ата мен Хауа Ана тыйым салынған жемісті жегеннен кейін қуылған жұмақ бақшасы деп те айтатындар бар.  Кейбірі Сириус жұлдызына табыну үшін салынды деп жатыр.  Әзірет Ибрахимның храмы болған жер дегенге сенетіндер де шықты.  Бұл жерді ғарыштан келген басқа әлемнің адамдары салды дейтіндер де. Вавилионның Аспа бақшаларының қалдығы дегендер де болды.  Шаман храмына ұқсайды деп пікір білдіргендер де бар. Қазірге ешнәрсе нақты емес. Бірақ құпиясы шешілгенге дейін Гөбеклитепенің бір жиналу алаңы деп аталуы керектігі тақырыбында көзқарас бірдей.

**

Барлығы бір диқанның егістігін жыртып жүріп тауып алған мүсінге ұқсас таспен басталды. Ол өте үлкен жаңалықтың ашылуына жол ашқанын білместен, тасты Шанлыурфа Мұражайына апарып тапсырады. Бірақ неге екені белгісіз мұражай қызметкерлері көп көңіл бөлмейді де,  тасты қоймаға жинап қояды.  Сегіз жылдан кейін Ататүрік бөгетінің құрылысы қарсаңында аймақта қазба жұмыстары басталады.  Қазба алаңында тапқандарын мұражайға алып келген бір археолог мұражайдың қоймасында диқан алып келген тастарды көреді.  Артынан осы тастардың қайдан келгенін зерттей бастайды.  Сол археолог Гөбеклитепенің ашылуында және әлемге таныстырылуында маңызды үлесі бар, артынан қазба жұмыстарының басшылығына тағайындалған Клаус Шмит. Бастапқыда белгілі уақыт аралықтарында қазбалар жүргізіледі, бірақ жер бетіне шығарылғандар баршаны таңғалдырады.  Сондықтан қазбаны үздіксіз жалғастыруға шешім беріледі. Гөбеклитепе соншама үлкен жаңалық,  себебі археологтар «Бұл жер - адам баласы түсінуге қиналатындай түрде төтенше жер» деп айтады. Ал неге адам баласының тарихына байланысты бүгінге дейін білгендерімізді ұмытуымыз керек? Неге осыншама таңғалдырды бізді Гөбеклитепе? Неге түсіну осыншама қиын?

Сөз ретінде 17-ғасырда тұжырымдалған болса да,  «мәдениет» деген ұғым адамның тұңғыш құралдарды жасап, оларды қолдануымен ортаға шығады. Отырықшы тұрмысқа өтумен бірге жылдамдай түседі.  Яғни неолитикалық дәуірде, бірақ осы шақтың екінші жартысында, яғни ғалымдар «Ыдыс-аяқты неолитикалық» деп атаған дәуірде. Адам баласы әлі отырықшы өмірге өтпеген, тіпті шағын тайпалар күйінде аңшы-жинаушы ретінде өмір сүрген кезге болса ғалымдар «ыдыс-аяқсыз неолитикалық дәуір» деп ат қойған. Міне,  Гөбеклитепенің маңызы осы жерде ортаға шығады.  Себебі адамдардың жануарларды қолға үйретіп, топырақты жыртып, егуді бастаған кезең деп аталатын кезеңнен екі мың жыл бұрын да осыларды жасағаны жарыққа шықты.

**

Барлық жағынан таңғалдырады Гөбеклитепе. Бұдан бұрын кездеспеген ғимараттарымен адамдарды қайран қылады. ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде орын алған  12 мың жасар Гөбеклитепе алыс жерлерден де байқалатындай жерге орналасқан. Алаңда дөңгелек пішін қалыптастыратындай түрде орналастырылған ірі блоктар бар.  Биіктігі алты метр,  диаметрлері де отыз метрге жететін едәуір дұрыс кесілген тастардың ортасында екі дана Т пішінді ескерткіш бағана тұр. Осы бағана тастардың салмағы 20 және 40 тонна арасында болып қалады.  Осы тастар кемінде екі километр жерден жеткізілген. Егер адам баласы сол дәуірде шақпақ тастан басқа бір құрал қолданбаса, жануарларды қолға үйретпегендіктен жүк таси алмаса және шағын тайпа болып өмір сүрсе, осы ғимараттарды қалай жасады? Қалай тасыды? Құпиясы әлі ашылмаған Ұлыбританиядағы Стоунхендж (Stonehedge) және Мысырдағы Гиза пирамидалары секілді құпия басқа бір жағдай ортаға шығады осылайша. Осыншама үлкен бір ғимараттың салынуы үшін адам баласының егіншілікпен айналыса бастауы, жануарларды қолға үйретуі және отырықшы тұрмысқа өтіп, бірге өмір сүре бастауы керек дейді мамандар. Міне, сондықтан адам баласының тарихына байланысты білетіндерімізді бір шетке тастап, қайтадан теория жасап бастайды.  Гөбеклитепені салғандардың отырықшы өмірге өткен соңғы аңшы тайпалар екенін айтып отыр.

Гөбеклитепедегі бағана тастардың бетінде жабайы қабан, ләйлек, түлкі, марал,  шаян, жылан суреттері,  қабылан оюы мен материалдық емес символдар кездескен.  Тас шеберлігінің осы ең ежелгі мысалы болып саналатын оюлардың сол дәуірдің нанымына қатысты екені немесе ескерту мақсатты жасалғаны болжалып отыр. Бүгінгі күннен он екі мың жыл бұрын өмір сүрген аталарымыздың осыншама үлкен ескерткіш ғимараттар салуы және тас өңдеуі олардың біз ойлағандай жабайы еместігін көрсетеді. Кейбір зерттеушілер сондықтан осы жерді адам салған ең үлкен өнер туындыларының алғашқысы деп атады.

Бүгінге дейін жүргізілген қазбаларда Гөбеклитепеде от, пеш секілді тамақ пісіруге байланысты ешбір жәдігер табылмады. Еш адам сүйегі де шықпады.  Осыған қарағанда мамандар аталарымыздың осында әрдайым тұрмағанын,  ғибадат немесе мереке секілді бір мақсат үшін жиналған болуы керектігін пайымдайды. Айырықша ғимараттардың едендерінің сұйықтық өтпейтіндей қылып жобаланғаны да назар аударады.  Осы алаңда топыраққа араласпасын деп сұйықтықтармен рәсім ұйымдастырған болу ықтималдары бар.

Гөбеклитепенің қай мақсатта және қалай салынғаны қиын сұрақ.  Бірақ бәлкім бұлардан да көп ойлану керек тағы бір тақырып бар.  Он екі мың жыл бұрын аталарымыз осы жерден кетпес бұрын үстін топырақпен жауып, саналы түрде жасырып кеткен. Міне, ойлантатын жайт осы. Солайымен кетіп қалу немесе құлатудың орнына үстін неге топырақпен көміп кеткен? Енді қайтып табылмауы үшін бе? Осы сұрақтарға жауапты білу үшін әлі көп күту керек шығар.  Әрине, басқа бір құпия шығып қалмаса...

**

Гөбеклитепе адамды сиқырлап алады.  Өзіне қарай тартады. Сол тас блоктардың арасында жүріп,  мыңдаған жыл бұрынғыны ұстап көргісі келеді. Өткенді бөлісіп, құпиясына ортақ болғысы келеді адам. Қазбалар жалғасқан сайын шешілмеген құпиялар шешілуі мүмкін. Бәлкім жаңа құпиялар қосылуы мүмкін. Анадолының құпияға толы байырғы өткенін, мәдени байлығын көрсетеді Гөбеклитепе.  Адам баласының сол дәуірдегі іздерінің бетінің ашылуын біз де асыға күтеміз.

 



Ұқсас жаңалықтар