Эйюп ауданында бір кофеге Пьер Лотидің атын берілгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 66

1610124
Эйюп ауданында бір кофеге Пьер Лотидің атын берілгенін білетін бе едіңіз?
Loti.jpg
pier loti.jpg
pierre loti kahvesi 1.jpg
pierre loti kahvesi.jpg

Стамбулдың Эйюп ауданындағы бір төбеге француз жазушысы Пьер Лотидің атын берілгенін білетін бе едіңіз?

 

1850-1923 жылдар арасында өмір сүрген танымал француз жазушысы Пьер Лотиге Cтамбул мен Осман мәдениеті қатты әсер етті және талай рет келіп, осында ұзақ өмір сүрді. Стамбулға екінші келуінде сол кездегі Османлы дәуіріндегі Түркияны түсіндірген «Азийаде» деген романына атын қойған әйелмен танысады.

Пьер Лоти діни орындары, зираттары және табиғи сұлулығымен маңызды және көне аймақ болып саналатын Эйюпті өте жақсы көрді және Стамбулда болған кезде Эйюпте тұрды. Эйюп жоталарында орналасқан және бүкіл Алтын Мүйізге жоғарыдан қарайтын төбедегі кофеханаға жиі барып, онда бірнеше сағат бойы отыратын және адамдармен әңгімелесетін. Бүгінгі күні жергілікті және шетелдік туристердің назарын аударатын бұл кофені Пьер Лоти кофеханасы (Piyer Loti Coffee), ал ол орналасқан төбені «Пьер Лоти төбесі» деп атайды.



Ұқсас жаңалықтар