Наурыздың көне түрік дәстүрлерінің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 65

1605594
Наурыздың көне түрік дәстүрлерінің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Наурыздың заманымызға дейін келе жатқан көне түрік дәстүрлерінің бірі екенін білетін бе едіңіз?

 

Тарих бойынша әр дәуірде әртүрлі тойланып келген Наурыз түріктердің ең көне мерекелерінің бірі болып табылады. Наурыз түрік мәдениетінде туылу, қайта тірілу деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар көктемнің басы деп саналады. Наурыз мерекесінің тағы бір атауы болса «Эргенекон мерекесі».

Бұл атау бұрынғыдан қазіргі күнге дейін әлі әртүрлі түрік тайпалары арасында өміршеңдігін сақтап келеді. Наурыз Орталық Азияда Орхун төңірегінен Алтайға, сол жерден Ғун түріктерінің Еуропаға жорығымен Венгрия және Балканға жетті. 9-ғасырда Каспийдің оңтүстігінен Анадолы мен Месопотамия аймағына тарап неғұрлым кең жағрапияда қалыптасты.

Түріктер тарих бойынша әртүрлі жағрапияда өмір сүрсе де, әртүрлі діндерге сенсе де әрдайым Наурызды тойлап келді.

Республикамен бірге одан үлкен қатысу және ықыласпен жыл сайын тойланған Наурыз мерекесі болашақта түрік әлемінің ортақ құндылығы болып қала береді.



Ұқсас жаңалықтар