Анадолының шипалы сулары

Судан бастау алған мәдениет – 23

1593778
Анадолының шипалы сулары

 

Ғасырлардан бері адамдар судың сауықтыратын қасиетіне сенеді, жазылып кету үшін суды қолданады. Бұлардың арасында арасандар ыстық суларымен маңызды орын алады. Көптеген өркениетте адамдар осы жерлерді қасиетті деп есептеген. Себебі арасандар жараларды жазады, науқастарды сауықтырады. Арасандар адам баласының өмірінде әрқашан орын алған. Медицинадағы жетістіктерге байланысты бір кездері артқы шепте қалса да, ешқашан толығымен ұмытылмаған.

Төңірегіндегі атмосферадан аулақтау, қала тұрмысының стресі мен медициналық проблемалары бүгінгі күні азаматтарды түрлі ізденіске итермелейді. Толықтыратын және профилактикалық медициналық ем көзқарасында арасандарға деген ықылас күн өткен сайын артып келеді. Осы өте пайдалы минералды су заманауи медицинада «бальнеология» ғылымының емдеу әдісі ретінде қолданылады. Судың сауықтыратын күшін пайдалану, шипа табу немесе сумен тыныштық тауып, демалу үшін барамыз арасандарға. Судан келетін саулықты байқау үшін. Ревматизмнен тыныс алу жолдары ауруларына,  нерв жүйесі ауруларынан ас қорыту жүйесі проблемаларына дейін көптеген ауруға пайдалы «термалды жұмақ» Анадолы жері.  Анадолыдағы жылы суларды баяндауымызды жалғастырамыз.

**

Үстіңізге қар жауып тұрғанда, ыстық судың ішінде жүзіп жүру мүмкін бе сіздің ойыңызша? Әлде бұл тек қиял ғана ма? Анадолы жері көптеген тақырыпта болғаны секілді осы мәселеде де тосын сыйларға толы. Түркияда қыс маусымы өте қатал болатын Шығыс Анадолы аймағында тап осындай бір арасан бар.  Памуккале травертиндеріне ұқсас арасандар Агрының Диядин ауданында. Арасандардың суы тек термалды су емес, сонымен бірге термоминерал су деп аталады. Жер астынан шыққан судың термалды су деп аталуы үшін 20 градус және одан ыстық болуы керек.  Литрінде бір грамнан көп минерал болса, онда ол су термоминерал деп аталады. Диядин арасандарының міне,  осындай ерекшелігі бар. Бір литр суының құрамында бір грамнан көп бикарбонат, хлор, сульфат және кальций секілді минералдар бар. Шамамен 300 метр тереңдіктен шығатын шипалы судың температурасы 80 градус шамасында. Салқындататын бассейндерден өтіп, 45 градусқа төмендетілген суды қолданады. Арасанның суы ревматизм, тері аурулары, сүйек ауруларына және метаболизм ақауларына шипалы.

Анадолының ең байырғы елді мекендерінің бірі Диядин суға жақын болу мақсатында өзен жағасына құрылған.  Арасандар орналасқан аймақтың ортасынан Мурат өзені ағып жатыр. Мурат өзені бастау алған жер болса сөнген вулкандық тау Тендурек. Қысы жазы бу болып тұратын ыстық су жиынтықтары Тендурек тауының шыныменен сөнген жанартау болып болмағаны туралы ойлантады.

Диядинде «Өркениеттер бесігі» деп аталған ежелгі қала бар.  Аты Мея ежелгі қаласы.  Мея ежелгі қаласы тік жартастарға ойылып салынған. Каппадокиядағы пері мұржаларына ұқсайды. Осы ежелгі қалада бөлме, асхана және ғибадатхана ретінде қолданылған көптеген үңгір бар. Үңгірлерде түрлі нанымдардың ізі кездесетін болса да, қирағандықтан осы ежелгі қаладан бүгінгі күнге тек жартастан ойылған михрап, крест түрінде ойылған тастар мен қабірлер ғана қалған.

**

Келіңіз,  Анадолының ең шығысынан батысқа қарай баяу жылжиық. Енді Ішкі Анадолы аймағындағы арасандарға көз жүгіртейік. Анадолы территориясында хеттер кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жетеді арасан дәстүрі. Селчуктар мен Анадолы мырзалықтары кезеңінде Рим және Византия арасандары жөндеуден өткен. Түрік моншалары түрінде жаңаланған.  Рим дәуірі бассейндерінің төңірегіне жуынатын жерлер қосады түріктер. Османдықтар да Селчуктардан қалған арасандарды жаңалап қолданады. Бас қала Анкарадағы Хаймана, Кызылджахамам және Аяш арасандары осындай жаңаланған арасандарға мысал болады.

Түркияда арасандарымен атағы шыққан қалалардың бірі – Афионкарахисар. Осы қалада жетпіс шақты жылы су мен арасан бар. Осы арасандардың фригтер кезінен бері қолданылып келгені айтылады, осы арасандардың ең атақтысы – Сандыклы арасаны. Құрамындағы мол күкіртімен шипа таратады, әлемге танымал балшық моншасымен де алға шығады. Әсіресе ортопедиялық оталар және спорт кезіндегі жарақаттар үшін сауықтыру кезеңінде көп қолданылады. Гежек, Газлыгөл, Хейбели және Өмер арасандары да Афионкарахисардың танымал арасандары арасында.

**

Өте ескі кездерден бері арасандарға деген ықыластың еш азаймағанын айтқан болатынбыз. Медицина жеткілікті болмаған Орта шақта шипалы суларға қызығушылық жалғасады. Емделгісі келетін адамдар осындай ерекше жерлерге келіп, бірнеше күн бойы шипа іздейді.  19-ғасырда бүкіл әлемде арасандардың маңызы арта түседі. Ол кездері Яловадағы Термал арасандары көптеген шетелдік мемлекеттік қайраткерлерді қонақ қылады. Бір жер сілкінісі нәтижесінде қалыптасқан Ялова Термал арасандары мыңдаған жыл түрлі өркениеттердің шипалы орталығы болады.  Тарихи деректерге қарағанда, ежелгі дәуірлерде аймақ халқы жердің астынан шыққан ыстық су мен буды айдахардың тынысы деп есептейді. Олардың болашақтан хабар беретініне сенеді. Сол кезде табыну орталығы ретінде де қолданылады Ялова арасандары. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде күтімі болмай, бүлінеді.  Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік Яловаға келгеннен кейін арасанның тағдыры өзгереді. Себебі арасандарға қайран болған Ататүрік «Бұл жер болашақтың су қаласы болады» дейді. Артынша Ялованың Термал ауданында құрылыс жұмыстары жылдамдай түседі.  Термал әлемге әйгілі орталыққа айналады.

Ғасырлар бойы Рим, Византия, Селчук және Османлы кездерінің шипа орталығы болған Термал бүгінгі күні де көптеген аурудың емінде қолданылады. Арасан суының температурасы 54-64 градус аралығында, натрий, кальций, сульфатты шипалы су сыныбына енеді. Осы шипалы суды ревматизм, метаболизм, ас қорыту және тыныс алу жүйесі аурулары, психологиялық аурулары бар адамдар көп қолданады. Сондай-ақ бұл су ортопедиялық оталардан кейін де сауықтыру мақсатты қолданылады. Бүгінгі таңда теңдесі жоқ фаунасы, тарихи және археологиялық жәдігерлерімен қорғауға алынған Ялова Термал арасандары әлемнің санаулы медициналық және демалыс орталықтары арасында.

 

**

Батыс Анадолы аймағы – термалды су көздері тұрғысынан Анадолының ең бай территориясы.  Эллин өркениетінің алғашқы қалаларының Батыс Анадолыда құрылған болуы себебімен ежелгі дәуірден қалған көптеген арасан бар осы аймақта.  Көбі болса әлі күнге жарыққа шығуды күтіп жатыр. Термалды су көздері назарға алынғанда, Измир – Түркияның ең бай қаласы. Есімін Троя шайқастарының қолбасшысы және Микен королінен алған Агамемнон – бүгінгі Болчова- арасандарымен атағы шыққан. Измирде отыздан аса термалды су көзі бар. Арасан дәстүрі басталған ежелгі дәуірден бері ең атақты арасан және ем орталығы ретінде танымал Бергама секілді Сеферихисар, Чешме және Дикилидегі арасандарымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарға шипа тарады Измир.

**

Әлемнің «ең минералды суы» деген атаққа ие Балыкесирдің Гөнен арасаны, өлетін науқасты да сауықтырғаны айтылатын Бурса Инегөлдегі Ойлат арасаны, кішкентай қызыл травертиндерімен Денизлинің Памуккале ауданындағы құрамында темірі мол Хайытлы арасаны, Анадолыда Османлы арасан архитектурасының өкілі Бурса арасандары, Ескишехир, Күтахия және тағы да жүздеген шипалы су көзі. Әрине, олардың әрқайсысын бөлек баяндап беру керек.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар