Трабзондағы Айя-София мұражайының қайтадан қалпына келтірілгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 62

1592526
Трабзондағы Айя-София мұражайының қайтадан қалпына келтірілгенін білетін бе едіңіз?

Трабзондағы Айя-София мұражайын қалпына келтіру жұмыстарының аяқталып, 2020 жылы қайта ашылғанын білетін бе едіңіз?

 

Трабзон Айя-София шіркеуі - 1250 мен 1260 жылдар аралығында салынған монастырь шіркеуі.

Византия шіркеулерінің ең керемет мысалдарының бірі ретінде Айя-София аймағы 1461 жылы Османлы жеңіп алған соң маңыздылығын сақтап қалды. 1670 жылы қажеттілікке орай мешітке айналдырылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қойма, аурухана, кейінірек мешіт ретінде қолданылған Айя-София 1958-1962 жылдар аралығында қалпына келтіріліп, 1964 жылы мұражай ретінде келушілерге ашылды.

Айя-София тарихи құндылығына қоса өнер тарихы тұрғысынан да теңдесі жоқ бір ескерткіш ретінде өз құндылығын сақтауда. Соңғы рет 2018-2020 жылдар аралығында қалпына келтірілді және 2020 жылы маусым айында қайтадан ашылып, эпидемия процесіне қарамастан көптеген келушіні күтті.



Ұқсас жаңалықтар