Анадолыдағы арасандар

Судан бастау алған мәдениет -22

1592339
Анадолыдағы арасандар

 

Микен патшасы Агамемнон он жыл жалғасқан соғыстың аяғында Трояны алады,  қаланы қиратып, өртейді. Бірақ сонда да ашуы басылмайды.  Сол аймақтағы тайпалармен шайқасуын жалғастырады. Ордасындағы әскерлердің көбі жаралы және науқас.  Алдынан шыққан бір көріпкелдің ұсынысын тыңдайды және ордасын Смирна, яғни бүгінгі Измирдің жақын жеріндегі арасанға алып барады. Микроптарды өлтіретін, ауырғанды басатын балшық пен ыстық су сиқырлы дәрі секілді сауықтырып, мыңдаған әскерге шипа болады.

**

Троя шайқастарының атақты қолбасшысы Агамемнонның әскерлері шыныменен жазылды ма осы арасанда әлде бір аңыз ғана ма белгісіз. Бірақ заманауи медицинаның құрушысы Гиппократтың жазбаларында, географ Страбонның кітаптарында және ежелгі дәуірдің атақты ақыны Гомердің дастандарында Агамемнон арасандары туралы айтылады.  1200 жылдан бері шипа таратып келеді Измирдегі Агамемнон арасандары. Бүгінгі аты болса Балчова арасандары.

Анадолы жері осындай шипалы суға толы және ежелгі дәуірден бері науқастардың сауығуы үшін қолданылуда. Біз де осы аптадағы бағдарламамызды шипалы деп аталған осындай ыстық суларға арнадық.

**

Медицина дамығанға дейін бұрынғы дәуірлерден бері адамдар аурулардан сауығу үшін түрлі әдістер қолданған.  Осындай әдістердің басында шипалы деп есептелген суда шомылу және сол судан ішу келеді. Анадолы да арасандары, жылы сулары және шипалы ауыз суларымен шипалы территория болған шипа іздегендер үшін.

Түркия тектоникалық белдеудің үстінде орналасқандықтан жылы су тұрғысынан едәуір бай. 1300 ыстық су көзімен әлемдегі алғашқы бес елдің қатарында. Еуропада болса ыстық су көзі әлеуеті тұрғысынан бірінші орында, арасан қолдану тұрғысынан үшінші кезектегі ел. Әрбір жерінде бір-бірінен бөлек ерекшелікте және түрлі температурада арасан, жылы су көздері табылады.  Әрқайсысы түрлі ауруларға ем болады.  Заманауи медицина нақты шешімін таба алмаған кей жағдайларда науқастарға бір таңдау ұсынады осы жылы сулар.  Түркия арасандарындағы ем көптеген елдің медициналық сақтандыру саласының аумағына енеді. Сондықтан тек отандық емес, көптеген шетелдік туристің де таңдаулы мекендеріне айналған.

***

Ежелгі дәуірде медицина немесе философиямен айналысқан жазушылар да ыстық судың қалай қалыптасқаны туралы түрлі пікір айтқан. Табиғи бұлақтардағы ғажайып ерекшеліктерге назар аударған. Жылы су көздерін сол кезден-ақ температуралары, иістері және дәмдеріне қарай жіктеген. Адамдар мыңдаған жылдар бойы  тері, бұлшық ет және сүйек аурулары секілді аурулардан сауығып кету мақсатымен осы шипалы суларды пайдаланған. Ал осы сулар қалай қалыптасады, ойланып көрдіңіз бе? Жер астындағы су магма арқылы ысынады, белгілі қабаттарда жиналады және жер қабаттарының ыңғайлы жерінен жер бетіне шығады. Жылы сулардың 20 градус және одан да жоғары болуы керек.  Бірақ әрбір ыстық су термалды су деп есептелмейді. Құрамында түрлі газ,  тұз, минерал және радиоактивті материалдар болуы қажет.

Анадолыда термалды су көздерінің жақын жерінде елді мекен немесе бір ғимарат кездестіру таңғалдырмайды. Мысалы Анкараның аудандарының екеуі Аяш пен Хайманадағы бассейн мен дәліздердің Хетт дәуірі архитектурасы екені белгілі. Олар төрт мың жылдан бері қолданылып келеді. Афионкарахисарағы арасандарда да Хетт дәуірінің іздері кездеседі. Афионкарахисардағы арасандардың фригтер кезінде де көп қолданылғаны, сол кезде аймақтың «Шипалы Фригия» деп аталғаны белгілі. Сумен байланыстары тұрғысынан ерекше болған хеттер осы судың ауруларға ем екенін қалай байқады, оны білу қиын.  Бірақ олардың жаңалықтары артынан келген өркениеттерге де мұра болып қалды. Сонымен қатар бүгінге дейін жетті.

**

Термалды су көздері тегін болғандықтан және суы жылы болғандықтан бастапқыда тазалық және жуыну үшін қолданылатын.  Алайда бір мезгілден кейін дәмі, иісі және температурасының өзгеше болуы және адамды тынышталдыратын әсеріне байланысты тек жуыну емес, одан да көп уақыт өткізу үшін келе бастаған адамдар. Су көзінің төңірегі мен үстін жапқан.  Осылайша арасандар архитектуралық бір обьект ретінде тарихтағы орнын алған.  Тарих бойы да медицина және тазалық тақырыбымен аты бірге аталған. Ыстық су қолдану тұрғысынан моншаға ұқсаса да,  тазалану үшін емес, сауығу үшін алға шығады арасандар. Функциясындағы осы өзгешелік уақыт өте келе архитектурасына да әсер етеді, монша жоспарынан ажырайды. Моншаларда ортада тұратын тастың орнын бассейндер алады. Өте терең емес, бірнеше сатымен түсетін осы бассейндерде науқастар ауруынан арынуға тырысады. Ежелгі дәуірдің ұлы дәрігері Гиппократ табиғи су көздерімен емделудің қандай болуы керектігін түсіндіреді. Сумен емделудің маңызына тоқталады. Су сол кездері емделуде кеңінен қолданылған.  Ежелгі арасандарда дәрігердің бағыт беруімен монша, терлеу, массаж секілді әдістер қолданылған. Сол кездері арасандар көбіне бел, кеуде, бас аурулары, тыныс алу, буын және тері аурулары мен несеп жолдары ауруларының емінде қолданылған.

Анадолыда ем қолданылған тұңғыш ежелгі арасан қаласы  - Аллианой. Күкіртті және 45 градустық суымен Аллианой ежелгі әлемнің басты медициналық орталықтарының бірі болды. Арасан ғимараттары, мозайкамен қапталған залдары, жаңбыр суы ағып кететін көшелері, бағаналары және бұлақтарымен өте тамаша қала болатын. Осы ежелгі қаланың арқасында шипалы судың қалай және қай мақсаттарда қолданылғаны, адамдардың суға деген көңілі туралы көптеген мәліметке қол жеткіздік. Қалада психотерапия, гидротерапия және дәрімен емдеумен қоса хирургиялық оталардың да жүргізілгені белгілі.  Жүргізілген қазбаларда 12 мың жәдігер және 400 медициналық құрал табылған.  Аллианойдың әлі айтылатын хикаясы, ашуды күткен көптеген құпиясы бар шығар. Алайда олар бүгін Йортанлы су бөгетінің астында қалды. Өкінішке орай Анадолыда Аллианой секілді ежелгі бір қала қайта кездеспеді.

**

Бағдарламамыздың басында аты аталған Агамемнон, бүгінгі атымен Балчова арасандарына да қысқаша тоқталып өтелік. Измир қала орталығына 12 км қашықтықта. Осы арасандағы судың температурасы 62 градусқа жетеді. Құрамында бикарбонат, хлор, натрий секілді маңызды минералдар бар. Осы шипалы суды сонымен бірге ішуге болады. Арасанның неврологиялық аурулар мен асқынатын бұлшық ет ауруларына пайдалы екені белгілі. Ревматологиялық ауруларда және ортопедиялық хирургиялық оталардан кейін сауықтыру ерекшелігі мол. Сондықтан Норвегия, Швеция, Германия және басқа да Еуропа елдерінен емделу  үшін көптеген науқас пен турист келеді. Монша терапиясымен бірге балшық моншасы, ішу процедуралары, ароматерапия және өсімдіктермен монша да жүргізіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар