Өзбекстан мен Түркі Республикаларының байланысы

Еуразия күн тәртібі – 61

1591579
Өзбекстан мен Түркі Республикаларының байланысы

Бүгінгі бағдарламамызда Өзбекстанның өзге Түркі Республикаларымен байланысына тоқталамыз.

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев 2021 жылы 8-11 ақпан арасында Өзбекстанда кездесулер өткізді. Бағдат Әміреев Өзбекстан Али Мәжілісі Сенат төрайымы Танзила Нарбаевамен Өзбекстан Мәжілісінің ТүрікПаға қатысу процесін кеңесті. Әміреев Өзбекстанның Сыртқы істер, Мәдениет, Ауыл шаруашылығы, Инновация және Өркендеу, Ғылым техникалар мен Коммуникация, Инвестиция және Сыртқы сауда министрлерімен, Жастар істері агенттігі, Футбол Федерациясы төрағаларымен ынтымақтастық жайлы кездесу өткізді.

Өзбекстан үкіметі Түркі Республикаларымен тоғысу үшін 2021 жылы 10 ақпанда Латын әліпбине толық өту тақырыбындағы жол картасын қабылдады. Қабылданған жол картасына сай Өзбекстан 2023 жылы 1 қаңтарда Латын әліпбиіне толық өтеді.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек пойыз жобасын атқару үшін кездесулер өткізілді. Екі ел арасында жаңа Мақтаарал-Дарбаза темір жолын салу күн тәртіпте. 2021 жылы 16 ақпанда Өзбекстан мен Қазақстан Сауда министрлері шекарада кездесіп, ортақ жасалатын «Орталық Азия» Халықаралық Сауда және Экономикалық ынтымақтастық орталығының жағдайын қолға алды.

Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 2021 жылы 16-18 ақпан арасында Түрікменстан, Қазақстан және Тәжікстанға сапарлай барды. Өзбекстан Сыртқы істер министрінің осы елдерге сапары кезінде президенттер тарапынан қабылданды. Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Түрікменстан, Қазақстан және Тәжікстан президенттерінен Ташкентте «Орталық Азия және Оңтүстік Азия: Аймақтық тәуелділік, қиындықтар мен орайлар» атты халықаралық конференция өткізуге қолдау берулерін сұрады.

2021 жылы 17 ақпанда Будапештте 6-шы Өзбек-Венгр Үкіметтерасы Экономикалық ынтымақтастық комиссиясының жиналысы өткізілді. Жиналысқа Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Инвестиция және Сыртқы сауда министрі Сардор Умурзаков төраға болған делегация қатысты. Жиналыста екі ел сауда мөлшері 2020 жылы оның алдындағы жылдан 50 пайыз артқаны білдірілді. Жиналыс соңында Өзбекстан мен Венгрия тараптары арасында ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. Сол күні Будапештте Венгр-Өзбек Бизнес форумы ұйымдастырылды. Сапар аясында Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Жамшид Ходжаев 2021 жылы 16 ақпанда Түрік Кеңесінің Будапешт өкілдігіне сапарлай барды.

Өзбекстан Түркі Республикаларының Оңтүстік Азия елдеріне ашылған қақпасы болуға талпынуда. Өзбекстан Ауғанстанға жәрдемін көбейтті. Ташкент әкімшілігі Үндістан мен Пәкістанды қамтыған Оңтүстік Азия елдері делегацияларымен кездесулерді жылдамдатты. Өзбекстанның осы тұрғыдан халықаралық конференция өткізуді жоспарлағанын жоғарыда айттық.

Өзбекстан жариялаған Әлішер Науаидің 850 жылдығы іс-шаралары бүкіл Түркі Республикаларында жыл бойы тойланады. Түріксой мен Түрік Академиясы алғашқы іс-шараларын бастады. Халықаралық Түрік Академиясы 2021 жылды «Әлішер Науаи жылы» деп жариялады.

Қорыта айтқанда, Өзбекстанның Түркі Республикаларымен байланыстары мықты жалғасуда. Өзбекстанның қосылуы Түркі Республикаларының халықаралық ұйымдарын да күшейтеді.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар