Түріктердің Анадолыдағы алғашқы су бұлақтары

Судан бастау алған мәдениет - 20

1588573
Түріктердің Анадолыдағы алғашқы су бұлақтары

 

Анадолыдағы судың сапарын баяндап береміз осы бағдарламамызда.  Судың жағасына құрылған өркениеттерді, су ғимараттарын, сумен бірге дамыған мәдениетті. Су мәдениеттің іргетасын қалайтын нәрсе ме әлде су болмаса тіршілік те болмайтындықтан басты өзегі ме? Алғашқы дәуірдің тұңғыш данасы деп қабылданған Фалес айтқандай «барлық нәрсенің өзегі – су» Оның үстіне тек жандылар үшін емес, жансыз нәрселер үшін де бастартылмас. Өндіруге келмейтін ресурстардың бірі су болса,  екіншісі топырақ. Жартастардың бөлшектенуінде,  топырақтың қалыптасуында және өміршең ресурсқа айналуында да судың ролі зор. Яғни табиғаттың қалыптасуы және жалғасуы үшін су – бас тартылмас.

**

Жанды және жансыз барлық нәрсе үшін осынмаша маңызды болып саналатын судың барлық наным жүйелерінде де арнайы орны болуы таңғалдырмайды. Көп тәңірілі діндерде де,  бір тәңірілі діндерде де су әрқашан маңызды болып келді. Исламиятты қабылдамастан бұрын түріктердің бір тәңірілі діні болған.  Әрі діни нанымдарында,  әрі күнделікті тұрмыстарында судың маңызы үлкен. Сондықтан аңыздарында кең орын беріледі суға.

Түріктердің «Жаратылу» аңызында әлемнің судан құралғаны айтылады. Көк Тәңірі судың бетіндегі құрлықтарды бір белдікпен жинап, тауларды қалыптастырған.  Осылайша тіршілік басталады. Өзен мен бұлақтар жұмақ түріктер үшін.  Қасиетті нәрселер. Осы аңызға қарағанда, тіршілік сумен басталады. Түріктер Ислам дінін қабылдаған соң қасиетті кітап Құран Кәрімде «Біз жанды барлық нәрсені судан жараттық» деп айтылғанын байқайды. Барлық нәрсенің өзегі су деп айтылады. Яғни ескі нанымдарымен сәйкеседі жаңа діндері. Су мен тазалықты әрі ғибадат тұрғысынан, әрі күнделікті тұрмыстың бас тартылмасы деп есептейді Ислам діні. Бұлардан басқа тағы бір көзқарас бар: Адамдарға су жеткізу, сумен қамдау ең қайырлы, сауабы мол жақсылық деп есептеледі. Міне,  осылайша су жолдары, моншалар, бұлақтар мен су бұрқақтар пайда болады түрік мәдениетінде. 

**

Анадолыда түріктер салған алғашқы бұлақтар асыра сілтеушіліктен аулақ, фунционалды су ғимараттары болған. Дәл батыс Анадолыда кездесетін ежелгі дәуір грек бұлақтары секілді.  Түрік архитектурасының ең ежелгі су бұлақтарына мысал – Мардинде Артук әулеті билігінен қалған бір кешенедегі бұлақ. Селчук дәуірінде су архитектурасы жағынан маңызды бұлақтар көбіне медресе, мешіт пен керуенсарай секілді ғимараттардың ауласында және жол шетіне салынатын еді. Селчук дәуірінің ең тамаша бұлағы – Сивас Көк медреседегі бұлақ. Анадолы Селчук мемлекеті кезінде де бұлақтар осылай жалғасқан. Эрзурум Қос Мұнаралы медресенің бұлағы  - сол дәуірден бізге жеткен ең ірі бұлақ.

**

Түріктер әрі судың тіршілік үшін маңызын жақсы түйсінгендіктен,  әрі сауап жинау үшін көптеген бұлақ салады.  Жол шеттерінде де кездеседі осы бұлақтар. Ауылдық аймақтарда да, адам көп кездеспейтін шалғай өңірлерде де. Мысалы алаң бұлақтары және махалле бұлақтары болады.  Адамдар осы жерде әрі бір бірімен кездеседі, әңгіме дүкен құрады,  әрі мұқтаждықтарын қамдайды. Жорыққа шыққан орда немесе жолаушылар шығарып салынатын жерлерге салынатын «айрылу бұлағынан» шалғай жерлердегі шопандардан басқа ешкім білмейтін «шопан бұлағына» дейін көптеген түрлі бұлақ шығады алдымыздан. Бұрыштағы бұлақтар, мешіт бұлақтары, су бұрқақтары мен ескерткіш бұлақтар туралы да айтпай кетуге болмайды.  Иттер, мысықтар және әсіресе құстар еш ұмытылмайды,  олар үшін де астаулар жасалады.

Османлы дәуірінде Анадолдағы бұлақтар жалпы қарапайым және салмақты, Стамбулдағылар болса көбінесе көркем және сұлу болады. Бас қала себебі Стамбул, мемлекеттің күші мен салтанаты осы ғимараттарда көрінеді. Бұлақтарда паш етіледі. Мекенді сұлуландыратын, символикалық өнер туындысына айналдырады осы шағын су ғимараттары.  Ғасырлардан бері тәжірибе жинақталған мәрмәр және тас шеберлігі бұлақтарда эстетикалық түрде сипатталады.

Стамбул жеңіп алынғаннан кейін күн өткен сайын қаланың тұрғын саны арта бастайды. Қоймасы бар су бұлақтары салына бастайды. Үстіне күмбез немесе аркалар салынады. Адамдарды жаңбырдан қорғау үшін «шашақтар» қосылады. Уақыт өткен сайын көлемі жағынан өседі Стамбулдың көше мен алаңдарындағы бұлақтар. Үлкен «шашақтарымен» сарайға ұқсап тұрады. Беземе және жазылған мәтіндерімен Османлы су ғимараттары ішінде маңызды орын ала бастайды.

**

Бұлақтардағы әшекейлерде жалпы өсімдіктер, геометриялық нақыштар мен көркем жазу өрнектері кездеседі.  Адам бейнесі мен мүсінге дін жағынан тыйым салынғандықтан бұлақтар жапырақ, гүл, жеміс табақтары және сәуле мен сызықтар түрінде бейнеленеді. Негізгі материалы тас немесе мәрмәр болып табылатын бұлақтардың маңдайша жазуы болады. Бұлақты салғызған кісіні таныстыратын және оны ұлықтайтын осы маңдайшаларда көркем жазу, яғни каллиграфияның ең тамаша үлгілері көрінеді.  Осы жазулар судың ағысын бейнелеу үшін жоғарыдан төменге қарай жазылады.

Өміршең маңыздағы суды қамдаудан да басқа,  материалы,  әшекейі және шеберлігімен бір-бір ескерткіш ғимаратқа айналады кейбір Стамбул бұлақтары.  Көздің жауын алатын және керемет алаң бұлақтарының ішіндегі ең тартымдысы-Топкапы сарайының кіре беріс қақпасы Бабы Хумаюн мен Айя-София арасындағы Үшінші Ахмет бұлағы. Су сарайы пішінінде салынған осы бұлақта басқа бір дизайн көзқарасы байқалады. Сәулетішісінің кім екені белгісіз Үшінші Ахмет бұлағында табақ толы жемістер мен құмыраларға орналастырылған гүл нақыштары бейнеленген. Дизайны, үлкендігі және әшекейлерімен Османлы архитектурасында шетелдік ықпал көрінетін бірінші ғимарат.

Сұлтанахмет алаңындағы достықтың символы Неміс бұлағы да Стамбулдың ең сұлу су туындыларының бірі.  Неміс императоры тарапынан Германияда жасалып, Стамбулдағы орнына қондырылған осы бұлақ өзгеше сәулетімен назар аударады. Бұлақ күмбезінің іші алтын мозайкалармен әшекейленген.

**

Түріктер Анадолыға орналасқаннан кейін көптеген түрлі бұлақ алдымызға шығады. Осы шағын ғимараттар су сәулетінің тарих ішінде қалай жетілгенінің көрсеткіші. Түріктердің эстетикалық түсінігінің белгісі болған осы бұлақтарға тек су жеткізілген ғимарат деп қарау әділетсіз болады. Олар бір-бір өнер туындысы. Уақыт өте келе технологияның, өнердің және талғамдардың қалай өзгеріп, жетілгенін көрсетеді.

**

Жас жігіттер мен бойжеткендер бір-бірімен танысып, бірін бірі ұнатқан жері. Су толтыру үшін күтіп тұрып, әңгімелесетін жері Анадолыда су бұлақтары. Ауылда болсын, қалада болсын бәрібір, тек су үшін салынған ғимараттар емес, сонымен бірге қоғамдық байланыстың да орталығы болған жерлер. Әндерге арқау болған бұлақтар шағын, бірақ міндеті жағынан едәуір маңызды, мағынасы тұрғысынан да теңдесі жоқ.

Түрік мәдениетінің әрі діни,  әрі архитектуралық мағынада маңызды факторы бұлақтар туралы айтып бердік бүгін. Бір күні алдыңызға осындай бұлақ шығып қалар, сіз шаршап, шөлдеген боларсыз. Әрі шөліңізді қандырады, әрі аздап демаласыз. Міне, сол кезде осы бұлақты салғызған кісіні жақсы тілектермен еске аларсыз.

 



Ұқсас жаңалықтар