Яшар Кемалдың "Индже Мемед" атты романының әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 61

1587856
Яшар Кемалдың "Индже Мемед" атты романының әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?
ince mehmed

Яшар Кемалдың "Индже Мемед" (İnce Memed) атты жазған алғаш романының бүкіл әлемге танымал екенін білетін бе едіңіз?

 

«Индже Мемед» - белгілі түрік жазушы Яшар Кемалдың алғашқы романы. 1955 жылы жарық көрген «Индже Мемед» автордың жауһары болып саналады. Романда Оңтүстік Анадолыда тұратын ауыл тұрғындарының үстемдікке қарсы күресі туралы айтылады. Алғаш рет 1957 жылы бұлғар тіліне аударылған романды Назым Хикмет 1959 жылы орыс тіліне аударды. «Индже Мемед» 1961 жылы ағылшын және француз тілдеріне аударылды. Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда және Италияда жарияланады. Кейінгі жылы неміс және испан тілдерінде жарияланған «Индже Мемед» бүгінге дейін қырықтан астам тілге аударылды.

«Индже Мемед» 1984 жылы британдық актер және жазушы Питер Устинов тарапынан «Memed, My Hawk»/(Сұңқарым Мемед) деген атпен фильмге түсірілді. Сценарийін тағы өзі жазған фильмде ойнаған режиссер Устинов ауылдың байы Абди кейіпкерінің бейнесін сомдады. Музыкасын грек композитор Манос Хацидакис жазған фильмнің екінші бір атауы - «The Lion and the Hawk» / (Арыстан мен Сұңқар).



Ұқсас жаңалықтар