Памфилия елі және оның Перге қаласы

Судан бастау алған мәдениет - 16

1572066
Памфилия елі және оның Перге қаласы

Ежелгі дәуірлер немесе ежелгі қалаларға қызығасыз ба? Сол кезде адамдардың қалай өмір сүргенін, немесе немен айналысқанын ойлап көрдіңіз бе? Олардың да баспана, су, наным секілді бізге ұқсас мұқтаждықтары болғанын. Басқару түрлері,  сауда немесе өнерге байланысты уайымдарының бізден өзгеше емес екенін ойлап көрдіңіз бе? Және осы саналған нәрселердің барлығына ежелгі өркениеттердің арқасында жеткенімізді білесіз бе? Міне,  осыларға куә болған бір аймақ  туралы айтып береміз бүгін.  Анадолының оңтүстігінде «барша қауымдардың елі» деп аталатын бір жер бар. Себебі әрбір ұлттан адам келіп қоныс тепкен сол жерге, молшылықта өмір сүрген: Памфилия.

**

Бүгінгі күнге келгенге дейін қалалар құрылды,  қалалар қирады.  Ондаған қауым, өркениетпен танысты осы жер.  Памфилия да осы өркениеттердің көбіне мекен болған аймақ.  Бүгінгі күнге сай айтып беретін болсақ,  Анталия қаласын да қамтитын және Аланияға дейін созылған аймақ осы Памфилия. Ағын сулар мен шағын жылғалар мол, тиімді топырақ үстіне құрылған қалалардан тұрады Памфилия аймағы.  Ежелгі дәуірдің атақты географы Страбонның айтқанына қарағанда, түрлі қалалардан келіп,  Троя соғысына қатысқан және соғыста жеңіп шыққан қолбасшылар қоныс тепкен жер Памфилия. Аймақтың «барша қауымның елі» деп аталуы да осыдан болса керек.

Памфилияның бүгінгі күнге дейін жеткен ең маңызды қалалары – Перге,  Сиде,  Аспендос және Атталеа, яғни бүгінгі Анталия.  Әр кезеңде көш қабылдаған,  географиялық тұғырына орай соғыс және басқыншылықтарға ашық аймақ – Памфилия. Себебі Жерорта теңізінің шығысында билік құрғысы келетіндердің жасауы керек нәрсе- алдымен Памфилияны алу.  Сондықтан Ұлы Ескендір де,  Рим императорлары да басып алғысы келеді,  көптеген шабуыл жасайды.  Осылайша тек Памфилияның ғана емес,  бүкіл Анадолының тағдырын айқындайды.

**

Памфилия аймағының қалаларының арасында Сиде мен Пергенің ерекше орны бар.  Екі қала да бір бірімен жарысатын деңгейде маңызды сол кезеңдерде. Екеуінің де аймаққа бас қала болған болу ықтималы жоғары.  Алайда бұл жөнінде нақты мәлімет жоқ.  Кейбір зерттеушілер Сиденің, кейбір зерттеушілер Пергенің бас қала болғаны туралы айтады.  Бас қала болса да,  болмаса да екі қала керемет ғимараттары және тарихымен біз үшін маңызды.

**

Пергенің аты хетт сына жазулы табақшаларда «Парха» деп айтылған. Бұл қала тарихының Ион колонияларынан да бұрынға дейін баратынына бір айғақ. Перге қала жоспарлау принцибіне қарай құрылып,  орналастырылған бір қала.  Сонымен бірге Анадолының ең жүйелі,  тәртіпті қалаларының бірі.  Перге ескерткіш су бұлақтары, моншалары және бағаналы даңғылдағы ашық су каналдары мен су көп қолданылған «су қаласы». Сондықтан су көздері, су жолдары мен су ғимараттары назар аударады. Әрине тек су ғимараттары емес,  бір ежелгі қалада болуы керек барлық қоғамдық ғимараттар бар Пергеде. Архитектура және өнер тоғысқан ғимараттар болып саналатын үлкен спорт кешендері- гимназиялары, қала алаңы және театрымен керемет қала.

Сол кездегі қалалардікіне ұқсамайтын қақпасы бар Перге қаласының. Дөңгелек мұнаралары мен мұнараларға сай ауласы Пергені Анадолыдағы басқа ежелгі қалалардан ерекше қылады.  Мұнаралар, пішіндерімен қоса еш балшық қолданылмастан салынғаны үшін де назар аударады. Әрине жүздеген жылға төтеп беріп келе жатқан күшімен де.

Осы керемет кіре берістен бастап төбедегі қамалға дейін жалғасатын 480 метрлік бағаналы даңғыл жол - Анадолыда ежелгі әлемнен бізге қалған ең көркем жол. Ені жиырма екі метр осы жолға зейін қойып қарағандар жүздеген жылдық дөңгелек іздерін көруі мүмкін.  Керемет бағаналары, екі жағы да мозаикалармен қапталған даңғыл жолы және жолдың ортасынан өтетін екі метрлік су каналымен теңдесі жоқ қала – Перге. Күн өте ыстық кезде Перге тұрғындарын салқындатқан канал қаланы екіге бөліп тұр.  Және өзен құдайы Кестрос атына салынған екі қабатты бұлаққа барып жалғанады. Осы бұлақтан басқа қалада тағы да үш бұлақ бар. Рим императоры Северус Семпимус атына салынған бұлақ ежелгі дәуірдің керемет бұлақтарының бірі. Ғимараттың қасында орын алған Артемида, Перге Артемидасы, Афродита және Эрос мүсіндері бүгінгі күні Анталия мұражайында көрмеге қойылған. Анталия мұражайына баратын болсаңыз, көрмеге қойылған жәдігерлердің көбінің Перге қазбасынан шығарылғанын байқайсыз. Ежелгі дәуірдің жұлдыздарының бірі Перге архитектуралық туындыларымен қоса жүргізілген қазбаларда жарыққа шығарылған монета және бұйымдарымен де байлығын паш етеді. Қолданылған заттардың сапасы және теңдесі жоқ шеберлігімен Перге өнер қайраткерлерінің құдай және император мүсіндерінің әлемге танымал екенін де айтып өту керек.

**

Басқа қалалардың көбінде болғаны секілді Пергенің де су мұқтаждығы алдымен жаңбыр және жер асты суынан қамдалды.  Сондықтан қалада көптеген су қоймасы мен құдық кездестіресіз. Империя кезінде қаланың бара бара беделі көтеріліп,  су мұқтаждығы да арта түседі. Осы мұқтаждықты қамдау үшін Пергеде көптеген су ғимараты салынады. Каналдар, туннельдер және су жоларымен жиырма километр қашықтықтан қалаға су жеткізіледі.  Аты аталған су ғимараттары қысым-теңгерім қатынасын көрсетуі тұрғысынан назар аударады,  әрине сол кездегі инженерлердің осы деректерді білуі де таңғалдырады.

Римдіктер қалаларға су жеткізу,  судың қамдалуы және таратылуы тақырыбында жетілген инженерлік біліміне жетік болған.  Технологиялық деректер қамдаған мүмкіндіктермен алға шыққан ежелгі қалалардың бірі – Перге.  Рим қалаларында су алдымен қоғамдық мекендерге,  халық су алатын хауыздарға және бұлақтарға, артынан моншалар мен су салығын төлейтін жеке қолданушыларға,  ең соңынан да тұрғын үйлерге жеткізілетін. Су азайған кезде алдымен тұрғын үйлердің,  артынан ресми мекемелердің суы тоқтатылатын еді.  Көшедегі бұлақтардың суының үзілуі өте сирек кездесетін оқиға болған.  Пергеде де қалаға жеткізілген су бағаналы даңғыл жолдың ортасынан өтіп,  мұқтаждыққа қарай таратылатын еді,  сосын қалдық сулар канал жүйесімен жиналып, аулақтатылатын. Себебі өздері өмір сүрген қалаларда халыққа ашық әжетханалар, үйдегі әжетхана және канализация жүйелеріне де көңіл бөлген римдіктер.  Перге де қалдық су және жаңбыр суы үшін жақсы жобаланған канализация жүйесімен назар аударған бір қала болатын.

Пергедегі солтүстік және оңтүстік моншалары – қаланың ескерткіш және көркем су ғимараттары арасында. Моншалар -қаланың бүгінгі күнге дейін көп құламай жеткен ғимараттарының бірі.  Әсіресе Оңтүстік моншада керемет мүсіндер табылған.

**

Әрбір қабатында бөлек мифологиялық хикаялар баяндалатын ойылған суреттерімен атағы шыққан,  он бес мың адамдық театрын айтпай кетуге болмайды.  Перге театры архитектура және мүсіншілік ерекшеліктерімен ең оригинал ежелгі театрлар қатарында. Қазбаларда жарыққа шығарылған Ұлы Ескендірдің үш метрлік мүсінінің әлемде басқа теңдесі табылмайды.

Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге жақсы жағдайда жеткен театры, стадионы, бұлағы және моншаларымен Перге қадам басқан бойдан сізді сиқырлап алатын ашық ауа мұражайы.  Бүгін ежелгі әлемнің осы ең бай, ең көркем және ең сұлу қалаларының бірі Перге және оның сумен байланысын баяндап бердік. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар