Түркияның 900 жылдық бір кітапхана дәстүрі бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 55

1560887
Түркияның 900 жылдық бір кітапхана дәстүрі бар екенін білетін бе едіңіз?

Түркиядағы кітапхана дәстүрі 900 жылдық тарихқа негізделген. Алғашқы кітапханалар Анадолының алғаш әулеті Селчук кезінде құрылып Османлы кезінде дамытылған. Осман империясының алғашқы кезеңдерінде кітапханалар мешіт, кесене, медресе және қайрымдылық үйлерінің құрамында орын алады. Кейінірек кітапханалар жеке ұйымдар ретінде пайда бола бастады.

1884 жылы қызмет ете бастаған Беязыт мемлекеттік кітапханасы Түркияның алғаш кітапханасы болып табылады.

Кітапхана алғаш құрылған кезде сөрелерде тек қана Осман империясының әйгілі тарихшысы Мұстафа Найманың «Найма тарихы» атты еңбегі болған. Уақыт өте келе дервиштік ложалардан жиналған шығармалар, сатып алынған кітаптар және кітапханаға сыйға тартылған құжаттар болған бай ақпараттық банкке айналды.1934 жылы Ататүріктің талабымен шығарылған «Баспа мақалаларын жинау және құрастыру» заңымен кітапхана қоры айтарлықтай өсті. Қазір кітапханаға Түркияда баспаланған барлық жарияланымдардың бір нұсқауын қою міндетті. Бүгінгі күні миллионнан астам құжатымен тарихшылар үшін таптырмас аялдама болған Беязыт мемлекеттік кітапханасы өсуді және қызмет етуді жалғастыруда.



Ұқсас жаңалықтар