Ортағасырда ең үлкен артиллерия сайманын Османлының құйғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 22

1423377
Ортағасырда ең үлкен артиллерия сайманын Османлының құйғанын білетін бе едіңіз?

Ортағасырлық әлемнің ең үлкен артиллерия сайманының Османлының Стамбул жеңісі кезінде қолданылғанын білетін бе едіңіз?

1453 жылға дейін соғыстарда дәрі мен артиллерия сайманы қолданыла келсе де, мұны Османлы мемлекеті сияқты үлкен бір қарумен ойлап тапқан болмады. Стамбул Османлы армиясы тарапынан қоршауға алынған кезде византиялықтардың қорғандарда қара дәрі болып атқылайтын механизмдері бар болатын. Дегенмен бұл қарулар кері қысымдары себепті өздерінің қорғандарына одан көп зиян келтіретін.

Османлы армиясындағы артиллерия сайманы 8 метр ұзындығында болатын. 75 см диаметрлік снаряды 544 килограмм болатын. Оны толтыру 3 сағатқа жалғасқандықтан күніне 5 рет атқыланатын. Ауырлығы соншама өндірушісі венгр Урбан бұл артиллерия сайманын екі бөлек құйдырған болатын. Осылайша уақытына сәйкес өте ілгері бұрандалы жүйемен бірібіріне қосылып, қолданылатын. Қорғанда құлаған жерін қалпына келтіру византиялық дуал ұсталарының түні күні бір апта уақытын алатын.

Бұл артиллерия сайманы Стамбул жеңісінен 354 жыл өткен соң 1807 жылы қайтадан қолданылды. Чанаккале бұғазынан рұқсатсыз өтуге тырысқан ағылшын соғыс кемелері тағы бір рет нысанаға алынып, зиян келген кемелер кері шегінуге мәжбүр болды. Кейін бұл оқиғаның артынан 1870 жылдары Османлы падишасы Сұлтан Абдүлазиз артиллерия сайманының 1464 жылы құйылған бір үлгісін ағылшындарға сыйға тартты. Ол сыйлық қазір Ұлыбританияның «Форд Нельсон» атындағы артиллериялық саймандар мұражайында сақталады.



Ұқсас жаңалықтар