Стамбулда танымал француз жазушы Пьер Лоти атында кафе бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 20

1414610
Стамбулда танымал француз жазушы Пьер Лоти атында кафе бар екенін білетін бе едіңіз?

Стамбулдың Эйюп ауданында атын француз бір жазушыдан алған кофе бар екенін білетін бе едіңіз?

1850-1923 жылдары арасында өмір сүрген танымал француз жазушы Пьер Лотиге Стамбул және Османлы мәдениеті қатты әсер еткен. Сол себепті қайта қайта Стамбулға келіп, ұзақ уақыт бұл жерде тұрған. Стамбулға екінші рет келген кезде Османлы дәуірінің Түркиясын таныстырған «Азияде» атты романына атын берген әйелмен танысады. Лотидің бұл романына үлкен баға беріліп, көпшіліктің тануына жағдай жасалған.

Пьер Лоти Стамбулда діни орындарды, мазарларды, табиғи сұлулығымен маңызды және ескі тұрғын аймағы болған Эйюпті қатты жақсы көретін. Эйюп түбегінде  және Халичке (Алтын мүйіз) қараған кофеге жиі барып, сол жерде ұзақ уақыт отырып, қорқорға (Калья́н) арналған темекі шегіп, адамдармен сұхбаттасатын.

Жергілікті және шетелдік туристтер қызығушылық танытқан бұл кафе қазіргі таңда "Пьер Лоти кафесі" деп аталады.  



Ұқсас жаңалықтар