Түркия-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 26 жылдығы

Түрік сыртқы саясатының бағдары 33

1034377
Түркия-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 26 жылдығы

2018 жылы Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық ынтымақтастықтың 26 жылдығы болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады. Бірнеше минуттың артынан Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін таныған тұңғыш ел болды. Тәуелсіздіктің артынан Қазақстан мен Түркия арасында қол қойылған көптеген мемлекет аралық келісімдер мен хаттамалар арқылы  әртүрлі салаларда қарым-қатынастар мен ынтымақтастықтың негізі қаланды.

Түркия мен Қазақстан арасында саяси ынтымақтастықтың шыңға көтерілуімен бірдей уақытта Қазақтан Республикасы Түркияның Еуразия жағрапиясындағы ең маңызды саяси және экономикалық ортақтарынан біріне айналды. Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары әсіресе соңғы кездері тығызданды. Бұл  жағдайда Қазақстанның сыртқы саясатында одан белсенді болуының және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі уақытша мүшелігі сияқты мойындаған маңызды міндеттерінің рөлі бар.

Орталығы Стамбұлда болып табылған Түрік Кеңесі, орталығы Әзірбайжандағы Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, орталығы Қазақстандағы Халықаралық Түрік Академиясы және орталығы Анкарадағы Халықаралық Түріксой Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар мәдени және саяси салада мүше елдер арасындағы ынтымақтастықтарды мекемелік тұрғыдан нығайтуда. Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы экономикалық тұғырына қоса бұл мекемелердің жұмыстарын қамтиды. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың келесі жылдарда оқу саласында да артуын күтеміз. Әсіресе Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Алматы мен Астанада да филиалын ашуы және осындағы озат студенттерді де қатарына қосуы пайдалы болады.

Түркия Республикасы үшін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызы үлкен. Түркия түркітілдес республикалармен ынтымақтастық жетілдіру бағытында әр қашан Нұрсұлтан Назарбаевты «Түркі әлемінің ақсақалы», «Түркі әлемінің білікті көшбасшысы» сияқты атаулармен атайды. Анкарада Назарбаевтың бір мүсіні тұрғызылды. Бұл - «Түркі әлемінің ақсақалына» түрік халқы көрсеткен құрметтің бір белгісі.

Түркия мен Қазақстанның жаһандық және аймақтық мәселелерге қатысты нысаналары да ортақ. Халықаралық мекемелер алдында ұстанымдары бірдей. Екі ел арасындағы мәртебе Назарбаевтың 2009 жылы Түркия сапары кезінде қол қойылған Стратегиялық ортақтық келісімімен анықталды. Осылайша екі ел арасындағы қарым-қатынастар бауырластыққа қоса «Стратегиялық ортақтық» деңгейіне көтерілді.

Еуразия жағрапиясындағы тұғыры Қазақстанды Шығыс пен Батыс арасында табиғи бір көпірге айналдырады. 25 жылда Қазақстанда адам басына шаққанда түсетін ұлттық табыс 700 доллардан 14 мың долларға ұласты. Топырақтарында 1 мың 225 түрлі минерал мен 493 кен орны бар Қазақстан табиғи газ резервтері тұрғысынан алғашқы 12 ел арасында, мұнай резервтеріне қарағанда алғашқы 13 ел арасында.

Қазақстан мен Түркия арасында мықты бір әскери байланыс және қорғаныс технологиялары саласында ынтымақтастық орнатылған. Түркия Қазақстан Қарулы күштеріне офицер кадрларын дайындау тақырыбында үлкен жәрдем береді. Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында алдынғы қатарлы фирмалары Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі орындарын жетілдіру үшін жұмыстануда. Бірнеше жыл бұрын «Қазақстан-Аселсан» фабрикасының ашылуы да әскери салада басылған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Түркия мен Қазақстан арасында бірнеше миллион доллармен басталған сауда-экономикалық қарым-қатынастар қазір 4 миллиард доллар деңгейіне ұласты. Әрине бұл жеткілікті емес. 10 миллиард доллар деңгейіне көтерілу екі елдің ортақ нысанасы. Бұл нысана алдындағы ең үлкен тосқауыл болса Қазақстан мен Түркия арасындағы логистикалық тұрғыдан тікелей қатынас жолының болмауы. Бұл мәселені шешу үшін жоспарланған альтернативті қатынас жолы мен көзқарастар іске асырылғанда, сауда-экономикалық қарым-қатынастар одан да жетіледі.

Қорытып айтқанда, Қазақстан мен Түркия екі бөлек мемлекет, бірақ бір ұлт болып табылады. Бұл тұрғыдан Режеп Тайып Ердоған және Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи тұғырды сақтауы екі ел мен Түркі әлемі тұрғысынан үлкен бақыт. Әрі Ердоған, әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың арасынан шығып, халықтың қиыншылықтарын жақыннан білуі көбінесе Түркі әлемінің қажеттіліктері мен армандарын дұрыс пайымдап, ықпалды шешім табуына септігін тигізеді.

Түркия мен Қазақстан арасындағы достықтың күші ортақ тарих пен мәдени байланысынан келеді. Мыңдаған жылдық түрік тарихын ойлағанда 26 жыл бір сәтте өтіп кететін бір мерзім. Алайда екі мемлекет 26 жылдың ішіне көптеген табысты сыйғызды. Екі жақты мүдде мен құрмет негізінде екі ел ынтымақтастығы алдағы кезеңде одан да күшейеді.



Ұқсас жаңалықтар