Қажы Байрам Уәли

Анатолының дана - ғұламалары 05

902430
Қажы Байрам Уәли

Анатолы… Жолдар тоғысқан жер... Әрі жағрафиялық, әрі саяси, әрі көңіл жолдары тоғысқан орын. Жағдай осылай болса, қандай тарихи бір тығыздық болып отырғанын сіздер ойлап қараңыздар.

Осыншама ауқымды бір қимылға мекен бола отырып, қиылыстардан аулақ болу онша мүмкін емес сияқты. Өткен бағдарламамызда да айтқандай соғыстар, қиратулар бұл географияны қайта-қайта шайқады, қанша мәрте қиыншылықтарға ұшыратты. Дегенмен Анатолы дәруіштердің де талпыныстарымен әр кезде бұл жараларды емдеп, тік тұрды.

15-ғасыр қарсаңында яғни, бірнеше бағдарлама бұрын әңгімеге арқау болған Монғол шапқыншылығынан әжептеуір уақыт өткен соң ел енді ғана ес жия бастаған кез болатын. Ақыры Османлы мемлекеті саяси бір тәртіп орнатып, халыққа сәл де болса тыныштық әкелген. Міне, дәл осы уақытта жаңа бір соғыс толқыны басталып, Анатолы тағы бір рет қараңғы бір кезеңге кіреді. Йылдырым Баязыттың Монғол ханы Тимурмен шайқасы Анатолыдағы саяси бірлікке тағы бір соққы енгізді.

Алайда қорыққандай болған жоқ. Соғыстың артынан бірнеше он жыл өте сала Анатолы қайтадан жараларын емдей бастады. Сондай-ақ жарты ғасыр өткен соң Османлы мемлекеті Стамбұлды қолға түсіріп, жаңа бір дәуірдің есіктерін ашатындай түрде күшейді.

Хорасаннан келген дәруіштер бұл топырақтарға керемет бір дән еккен болатын. Ұлы тамырлары бар бір ағаш өскен еді. Бұл ағаш соғыстар, қуаңшылық, шайқастар әлсіретсе де құламады, соққы алса да бас имеді. Анатолының біліктілігі әр қарбаласты өткізуде тәжірибелі еді. Ахмет Яссауидің, Мәулананың шәкірттері Анатолы адамдарына дұрыс және тік тұруды, тіршілікті үмітпен құшақтаудың сырларын сыбырлаған болатын. 

Осының арқасында 15-ші ғасырда Тимур келген кезде Анатолы оған дайын болатын. Ұлы ұстаздар керуеніне сол дәуірде қосылған Қажы Байрам Уәли мен шәкірттері дәл кезінде сол жерде еді. Анатолы халқының жарасын емдеуге көңілдерден бастады және емдерді сол көңілдермен аяқтады.

Сол ем нәтижесінде халық бұрынғыдан да мықты болып шықты. Және тарих жазуды қалған жерінен жалғастырды.

«Анатолының дана-ғұламалары» атты бағдарламада бұл жолы Қажы Байрам Уәли жайлы сөз қозғаймыз. Тәңірді іздегендер үшін мекен ретінде көңілдің өзін көрсеткен осы жүрек емшілерінің тіршіліктері мен пәлсапаларына көз жүгіртеміз.

Бұл дана-ғұламаның нағыз аты Нуман болған. Бірақ ұстаздары адамдардың жүректеріне қандай салтанат дәні егетінін сезген болу керек, жас жігітті «Байрам» деп атағанды жөн көрген. Анатолы өмірі бойынша оны Байрам деп атады.

Қажы Байрам Уәли «Сомунджу Баба» атымен танымал атақты бір ғұламаның шәкірті болатын. Сомунджу Баба терең білімді екеніне қарамастан өзін жай адам ретінде көрсете білген сыпайы бір ұстаз болған. Иісі керемет нан сатып, кім екенін басқаға сездірмеуге тырысқан. Дегенмен бір күні басқа бір ғұламамен танысады және оның ұсынысымен Бурса қаласында бір мешіттің ашылу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеуге мәжбүр қалады. Ол сөзін патшаның алдында сөйлеген және оны тыңдаған барша бұл сыпайы нан ұстасын қатты ұнатып қайран қалған. Алайда даңқты жақтырмаған Сомунджу Баба асығыс түрде сол қаланы тастап, оны танымайтындар өмір сүрген елді-мекенге көшіп барған. Қажы Байрам Уәлимен де бұл себепті танысқан.

Қажы Байрам Уәли сыпайылықта топырақтай болған және тәкаппарлықты өз ішінде еріткен ұстазынан көңіл құзыретінің не екенін үйренді. Жүректердің тіршілік орталығы екенін және бүкіл жолаушылардың негізгі бағытының жүректерге бет алғанын ұстазы арқылы ұқты. Және Сомунджу Баба дүниеден өткен соң адамдарға осы сырды түсіндіру мақсатты шәкірттер тәрбиелеп бастады. 

Бұл құтты адам оқытатын барлық дәрістердің мазмұны өзі жазған мына өлең жолдарынан ашық түрде байқалады:

Үйренгің келсе өзіңді,

Рухтың ішінде ізде жанды,

Кетер рухынан бұл сәтті,

Сен сені біл, сен сені...

Шеттету әр түрлісі өте жаман нәрсе. Бұл келісімсіздіктерге, соғыстарға себеп болған жаман бір қылық. Және бұл қылықтың у қайтарғышы адамдар арасында бірлік сезімін арттыру болып табылады.

Қажы Байрам Уәлидің барлық пәлсапасы бірлік ұғымына бағытталған. Және ол бүкіл хикметті сөздерінде осы бірлік сезімін нысанаға алған.

Бірлік ұғымы болмыс түсінігіне де сіңген. Оған қарағанда негізгі және жалғыз болмыс Тәңір болып табылады. Адамның еркі де Тәңірдің еркінің бір үзігі. «Бүкіл болмыстарда көрінетін Тәңірді» көре білу -  тіршіліктің негізгі мақсаты болуға тиісті. Және адам нақты түрде қоршаған ортада байқалған Тәңір көрінісіне мәртебе беру керек.

Ал бұл қалай болмақ? Адамдар рақымды бір тіршілікке қауышу үшін қандай жол таңдау керек? Міне, осы сұрақтарға қайтарған жауабы - «жүрекке оралу» шақыруы. Қажы Байрам Уәли Тәңірді түсінудің және оған қол жеткізудің жолы ретінде алдымен жүрекке бір от түсіру керек екенін баяндайды. Уақытша армандармен арасына шек қойған және жүрегінде сүйіспеншілікті арттыратын адам мақсаттарына қол жеткізе алады.

Оның бұл ойлары шынында Пифагор мен Аристотель сияқты тұлғаларды еске түсіреді. Сондай-ақ Анатолыдағы шығыстық біліктілік дәстүрінде де ұқсас ойлар бар. Бірақ Қажы Байрам Уәли ешбір ойын бұрынғы кітаптардан оқып үйренбеген. Мұны атап көрсеткен дұрыс. Ұстаз сопылық ағымынан ешқашан шықпаған және Анатолыдағы дана-ғұламалық теңізінде жүзіп отырып осы ойларға қол жеткізген. Қорытып айтқанда хикмет шексіз жол сияқты  созылған бір дәстүр және барлық ойлау бағыттары осы жолда тоғысады.

Анатолы, үнді, Иран, Қытай немесе грек ешқайсысының айырмашылығы жоқ. Бүкіл біліктіліктер негізінде бірдей жолдың жолаушысы.

Не болды бұл көңілім, не болды бұл көңілім,

Қайғы-қасіретке толды бұл көңілім.

Өртенді бұл көңілім, өртенді бұл көңілім,

Өртенген соң тапты амалын бұл көңілім.

Бұл Қажы Байрам Уәлидің бүгінге дейін жеткен аз ғана өлеңдерінің бірі. Өйткені сол дәуірдің ұстаздары жазуға онша мән бермеген. Үлкен бір кітап жазудың орнына бір адамның көңілін алу олар үшін маңызды болатын. Дегенмен бірнеше жолдан тұратын өлеңінің өзі үлкен бір кітапхананы толтыратындай хикмет сиғыза алады. Руханияттары биік, жүректері махаббатпен толы болған соң басқаша ойлау мүмкін емес. Ақыры бұлар барлық тіршіліктерін ауқымды бір ғылыми жұмыс мерзімі ретінде жұмсаған тұлғалар. Сөздің маңызын біліп оған сәйкес сөйлеген.

Баршаңызға мәлім шығар, бір сөз жүректе жылытылмаған жағдайда ешкімнің жүрегіне қонбайды. Міне, Қажы Байрам Уәли өз жүрегінің жылулығын сөздеріне түсірген бір дана. Өлеңінде де ашық түрде түсіндіргені осы емес пе? Әлбетте, көңілінің өртенгенін және барлық қайғыға амалдың осы өрттен шыққанын айтатын бір адам өзінен басқаларға тек қана осы жылу сезімін ғана береді.



Ұқсас жаңалықтар