Түрік әлемінен жаңалықтар - 22

Түрік әлемінен жинақталған жаңалықтар

744426
Түрік әлемінен жаңалықтар - 22

Алғашқы хабарымыз Өзбекстаннан.

«Түркия-Өзбекстан арасында туризм саласында ынтымақтастық» атты хабарымыздың мазмұны мынадай:

Бас қала Ташкентте болып өткен Түркия-Өзбекстан Туризм аралас комиссиясының жиналысына қатысу үшін Өзбекстанға барған Түркияның туризм лауазым иелері Өзбекстанның туризм лауазымдыларымен бас қосты.  Кездесуден кейін Түркия Саяхат агенттіктері одағы мен Түркия Қонақүй федерациясы және Өзбекстан туризм агенттіктері одағы арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Наби Авджы мен Өзбекстан Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің төрағасы Анвар Шараповтың алдында қол қойылған хаттамаларға Түркия Қонақүй федерациясы төрағасы Айык пен Түркия Саяхат агенттіктері одағы Атқару комитеті төрағасы Юксек және Өзбекстан туризм агенттіктері одағы төрағасы Касимов қол қойды.

Рәсімде сөз сөйлеген министр Авджы Түркия мен Өзбекстанның бүгінге дейін әлеуетінен төмен қатынас деңгейі болғанына назар аударып: «Құдай қаласа бұдан былай әрі Түркияның, әрі Өзбекстанның әлеуеті, мәдени және туристік байлықтарын таныстыруға қол қойылған осы хаттамалар үлес қосады және Түркия Өзбекстанды,  Өзбекстан да Түркияны жақыннан танитын болады» деді.

**

Бауырлас елдердің ортақ шаңырақтарының бірі Түрік Кеңесінен бір хабарымыз бар.

Түрік Кеңесі Баку-Ақтау-Самсун бауырлас порттар екінші жиналысы Бакуде болып өтті.  Жиналысқа Бакудегі Кеңеске мүше бауырлас елдердің өкілетті және төтенше елшілері қатысты.

Жиналыс Әзірбайжан Қатынас,  коммуникация және жоғары технологиялар министрі Рамил Гулузаде, Баку Халықаралық Теңіз сауда порты басшысы Др. Талех Зиядов және Түрік Кеңесі бас хатшысының орынбасары Др. Өмер Коджаманның баяндамаларымен ашылды.

Қатысушылар Қытай-Еуропа желісінде тасымал саласындағы соңғы жетістіктерге тоқталып,  Транс Каспий қатынас маршрутында сауданың жеңілдетілуі және болашақ жобалардың жеңіл жүргізілуі үшін қажетті қатынас инфрақұрылымының қалыптастырылуының маңызын атап көрсетті.

Порт басшыларының баяндамаларымен жалғасқан жиналыс барысында порт лауазым иелері, Әзірбайжан кеден басқармасы, Транзит кеңес, CASPAR, Теміржолдары мекемесі сынды маңызды ұйымдардың өкілдері мен жеке меншік сектордан келген қатысушылар бауырлас порттар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және Транс Каспий дәлізіндегі тасымал операцияларын жеңілдетудің жолдарын талқылады.

Жиналыс барысында ықпалды ынтымақтастықтың қамдалуын нысанаға алатын,  порттар мен Түрік Кеңес секретариаты лауазымдыларынан тұратын бір Техникалық топ қалыптастырылуына шешім берілді. Жиналыстан кейін делегациялар порт әлеуетін және жалғасып жатқан құрылыстарды тексеру үшін Алаттағы Баку Халықаралық теңіз сауда портына барды.

Түрік Кеңесі бауырлас порттарының келесі жиналысы Қазақстанның Ақтау қаласында жүзеге асырылады.

**

Кезектегі хабарымыз Қазақстаннан.  Қазақстанның Түркістан қаласында Халықаралық Түрік академиясы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің ынтымақтастығымен «Түрік әлемі және информация алаңы» атты Бірінші Халықаралық Медиа форум болып өтті.

Форумға халықаралық ұйым басшылары,  Әзірбайжан,  Башқұртстан,  Бельгия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Түркия және Қазақстаннан хабар агенттіктері мен баспасөз органдары басшыларымен қоса журналистер,  мәдениет және мемлекеттік қайраткерлер, зиялы қауым қатысты.

Түрік академиясының халықаралық ұйымының басшысы Дархан Қыдырәлінің басқаруымен өткен Медиа Форумның ашылу салтанатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев сөйлеген сөзінде аталмыш формуның «Түрік әлемі мәдениет астанасы» инициативасы аясында өткізілген шаралардың ең маңыздысы екенін айтты.

Халықаралық форум аясында өзара мәлімет алмасу және ортақ теледидар арнасының ашылуы тақырыптарында екі бөлек отырыс өткізілді.  Түрік әлемінде өзара мәлімет алмасу тақырыбы талқыланған бірінші отырыста қатысушылар ортақ информация саясаттары жетілдірілмейінше түрік интеграциясының толыққанды болмайтыны жөнінде келісті.

«Хабар» агенттігі төрағасының орынбасары Ринат Кертаевтың басшылығында өткен екінші отырыста болса қатысушылар 2014 жылы Бодрум саммитінде Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Түрік әлемі ортақ теледидар арнасының құрылуы тақырыбын егжей-тегжейлі талқылап,  өз ұсыныстарын білдірді.

Форум аясында айырықша Түрік академиясы басшысы Халықаралық Түрік академиясына қарасты елдердегі рухани жаңалану, соңғы инициативалар мен табысты тәжірибелерді таныстыратын «Қазақстан достары клубының» құрылуын ұсынды.

Сонымен бірге форум барысында түрік әлемін таныстыруға бағытталған жұмыстарға қолдау беру және оларды ынталандыру мақсатымен Академия тарапынан Исмаил Гаспыралы атындағы Халықаралық Медиа сыйлықтарының алғашқы иелері де марапатталды.

**

Бағдарламамызды Татарстан жөніндегі бір хабармен аяқтаймыз.  Хабарымыз «Татар мұрағатшылары Түркияда премьер-министрлік жанындағы Османлы мұрағатында практикадан өтті» деп аталады.

Татарстан Мұрағат қызметінен келген мамандар шетелден тәжірибе жинақтау мақсатымен Стамбулдағы Премьер-министрлік Османлы мұрағатында болды.

Мұрағат мамандары практика барысында сақтау, анықтау және электронды ортаға көшіру істерінің организациясы,  реставрация лабораторияларында жұмыс істеу және құжаттарға электронды түрде қол жеткізу тақырыптарында курстан өтті. Қонақ мамандар айырықша түрік әріптестерінің көмегімен Татарстан Республикасы және татар тарихына байланысты бірсыпыра құжат тапты. Атақты татар баспасөз өкілі Фатих Каримнің Ахмет Митхатқа жазған хаты,  Қазанда туылған атақты орыс шығыстанушы және орыс тілінің аудармашысы Ольга Лебедеваның Түркиядағы күндері жөнінде құжаттар – осылардың кейбірі

Османлы мұрағатында 13-ғасыр мен 20-ғасырдың алғашқы ширегі арасынан қалған 95 миллион құжат сақталған.



Ұқсас жаңалықтар