Аналар күні

Аналар күні құтты болсын!

267634
Аналар күні

Бізді өмірге әкелген аналарымызды ең болмағанда жылына бір рет те болса еске алдыратын Аналар күні құтты болсын!
**
Бала ана жатырына түскеннен күннен бастап анасымен мықты байланыс орнайды. Тамақтануы және өмір сүруі үшін қажетті барлық мұқтаждықтарын анасынан алады. Нәресте жандана бастағананнан қимылдай бастауы да анасымен байланысын нығайта түседі. Туғаннан кейін ана баласының иісіне, бала да анасының иісіне үйреніседі. Уақыт өтпей бір біріне қатты үйренісіп кететіндері соншалықты осы байланыс өмір бойы жалғасады. Өлімнен кейін де жоғалып кетпейді.
**
Өзімізге ең жақын сезінетін кісі, еш даусыз анамыз. Оның қасында дерттерімізді ұмытамыз, қайғыдан із де қалмайды, үміттер жанданады. Түрік тілінде танымал бір сөз айтылады: "Ана сынды жар, Бағдат сынды ел болмайды" деген. Біз тілімізді анамыздан үйренеміз. Сондықтан ана тілі деп аталады. Бұл баланың күтімі мен адамгершілігінің пішінденуінде ананың ролі мен маңызынан туындайды. Баласының ауырғанына да төзе алмайтын аналарымыз "Аллахым, ол ауырғанша мен ауырайын" деп дұға қылады. "Жыласа анам жылайды, қалғаны өтірік жылайды" деген сөз де аналардың балаларына деген сезімін көрсетеді. Басымызға бір қиыншылық келсе, "ой, анам" деп дертімізді жеңілдетуге тырысамыз. Балалар анасыз, аналар баласыз өмір сүре алмайды. Егер баласы әскерлік қарызын өтеуге немесе оқуға кетсе, анасының өмірі өзгереді. Әр сәт баласын ойлап, баласын сағынады. Баласы алыстан үйге келгенде, барлық қиыншылықтарды ұмытады. Баласын бір құшақтаса, барлық қайғы-қасіреті ұмыт болады.
**
Исламиятқа қарағанда жұмақ аналардың аяғының астында. Аналардың маңызы мен оларға құрмет көрсету жұмаққа қол жеткізудің кілті ретінде насихатталады. Барлық діндер адам баласының Хауа анадан тарағанын қабылдайды. Біз де Хауаға өз анамыздай құрмет көрсетеміз. Христиандар үшін қасиетті деп саналатын Әзірет Исаның анасы мұсылмандар үшін де Мәриям ана. Мұсылмандар үшін де қасиетті.
**
Ежелгі грек елінде, Римде, тіпті фригтерде аналар күні көктемде түрлі шаралар арқылы тойланатын. 1908 жылы болса Анна Жарвис атты американдық әйел анасын еске алу үшін арнайы күн ұйымдастырғаннан кейін кең тарады. 1914 жылы алдымен Америка, артынан әлемнің түкпір -түкпірінде аналар күні тойлана бастады. Әлем көлемінде осы күні сыйлық алынады. Аналар алыста тұратын болса, балалары барады, телефон шалады. Осылайша аналарға деген сүйіспеншілік атап көрсетіледі.
Біз тоңғанда үстімізді жапқан аналарымызға құшақ-құшақ сәлем жолдаймыз. Аналар күні құтты болсын.


Этикеттер: #аналар күні

Ұқсас жаңалықтар