Сирияның Идлиб аймағында қақтығыстар толастамады

Апталық Анализ – 03

1713006
Сирияның Идлиб аймағында қақтығыстар толастамады

Асад режиміне қарасты күштер Ресейдің әуеден қолдауымен соңғы күндерде Идлиб аймағын қайтадан нысанаға ала бастады. Сириялық оппозиционерлердің қолындағы және 4 миллион адам тұратын аймақтың нысанаға алынуы үлкен бір адамгершілік дағдарысына беталуда. Түркия қауіпті түсіне отырып әскери жақтан бетін қайтаратын қадамдар басуға талпынуда. Халықаралық қоғамның үнсіздігі Асад режимі мен одақтастарын батылдандыруда.

Сирия майданындағы әскери оқиғалар мен қақтығыстар соңғы айларда тыныш көрінгенімен Асад әкімшілігі Ресей әуе күштерінің қолдауымен Идлибті қайтадан нысанаға ала бастады. Осының алдында Сочиде өткен лидерлер саммитінде Түркия мен Ресей арасында аймаққа байланысты жасалған келісіммен қақтығыстар негізінен аяқталған болатын. Алайда бірнеше аптадан бері барған сайын асқынған шабуылдар қайта басталды. Асад режиміне қарасты күштердің құрлықтан, ал орыстардың әуеден әсіресе М4 желісінің оңтүстігінде Джабал Завия аймағын нысанаға алғаны байқалды. Негізгі операция әдісін зерттегенімізде сириялық оппозиция жасақтары мен түрік армиясын солтүстік шығысқа шегінуге итермелеген бір әскери қысым орнату ниетінде екені байқалады. Джабал Завия аймағы топографиялық жақтан Идлибтің басқа өңірімен салыстырғанда өте жоғарыда, сондықтан стратегиялық аймақ есептеледі. Режим күштері осы аймақты мекендеу арқылы Идлибтің солтүстігіне созылған желідегі соғыс күшін арттырып, біртіндеп бақылауды иелеп алу ниетінде екенін көрсетуде. М4 логистикалық желісінде де толық билікті иелеп, шығыс пен батыс желісінде Хатайдан Латакия-Тартусқа беталған негізгі жолдарда бақылауды қамдау ниетінде.

Режим мен одақтастарының осы ашкөздік жоспарларының беделін әрқашан болғанындай бейбіт тұрғындар өтеуде. Қазірдің өзінде он мыңдаған бейуаз азамат солтүстікке қарай көшуге мәжбүр қалды. Ірі әскери операция болса, жүз мыңдаған бейуаз азамат мекенінен кетеді. Түркия болуы мүмкін гуманитарлық дағдарысты ескере отырып аймақтағы әскери бекіністерін бекемдеп, Асад пен одақтастарының әскери жақтан бетін қайтаруға талпынуда. АҚШ-ты қамтыған халықаралық қоғамның әсіресе Ресейге қарсы қысым жасау арқылы жаңа бір әскери операция талпынысының құны болатынын көрсеткені жөн. Олай болмағанда Сирияда қайтадан қақтығыс туылуының негізі қаланып отыр.



Ұқсас жаңалықтар