Апталық Анализ 69

Башика базасында соңғы жағдай.

1627281
Апталық Анализ 69

 

        

      

Иракта бірдей уақытта Америка Құрама Штаттарының Эрбильдегі әскери базасы мен Түркияның Мосулдағы Башика базасына шабуылдар жасалды. Оқиғаларға орай барша әлемнің назары қайтадан осы аймаққа ауды.

Түркияның Мосул аймағының 25 шақырым қашықтығында орын алған үлкен әскери базасы неліктен нысанаға алынғаны және бұның артқы жағында кімдердің болғаны өте маңызды. Әсіресе соңғы кезеңде Синджар секілді аймақта Түркияның террормен күресі артуда.

Түркияның Ирактың солтүстігінде үлкенді-кішілі көптеген әскери базасы және кішкене база аймақтары бар. Башика әрі үлкендігі, әрі әскери күші жағынан ерекше орынға ие. Бұл база тек террор ұйымы PKK-мен күрес тұрғасынан ғана маңызды емес,сонымен қатар Мосулда террор ұйымы ДАИШ-тың тазалануына және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға да үлкен қызмет етуде. Бұл база Хашди отандық күштеріне де ұзақ уақыттан бері үй иелігін жасап келеді. Сондай-ақ түрік әскерлері осы күштерді ДАИШ-ке қарсы машықтандырды. Әрине бұл жағдай аймақта мәсхабтық бір саясат ұстанған кейбір күштерді, әсіресе Хашди Шааби ішінде міндет атқарған радикалдық топтарды мазасыздандыруда. Премьер-министр Малики кезеңінде Иранға жақын күштердің қысымымен Түркияның базаcына қауіп төнген еді. Бірақ Түркия Бағдат әкімшілігімен ымыраласа отырып, мәселені шешу үшін келіссөз өткізген болатын.

Қазір Башика базасының зымырандармен шабуылға душар болуы тағы да Хашди Шааби күштерін еске салады. Әсіресе соңғы кезеңдерде Түркияның Синджар аймағына қарсы террор ұйымы PKK-ны осы аймақтан тазалау мақсатымен бір әскери операция жасау жоспары бар. Хашди Шаабиге қарасты күштері Синджарда күн сайын тіпті көп әрекет жасауы және Эрбиль-Бағдат келісіміне қайшы бұл жерде PKK-ның жергілікті сарбаздарымен ынтымақтастық жасауын ойлағанымызда Иранға жақын күштердің Түркияға қарсы бір шабуыл жасауға дайындалғанын көре аламыз. Қорыта айтқанда Иран үшін Синджар стратегиялық маңызға ие. Бұл аймақты Сирияға жалғау үшін логистикалық бір мүмкіндік ретінде қолданғысы келуде. Бұл аймақты жоғалтып алғысы келмейді. Сондықтан PKK-мен ынтымақтастықты күшейтуге тырысуда. Алайда бұл үлкен қателік болып табылады.

Қысқаша айтқанда, Түркия Ирак және Сирия шеңберінде PKK террор ұйымын үстемдік орнатқан барлық аймақтардан тазалауға табанды. Осы жайлы батыл әрекет жасауда. Иранға жақын күштер Сирияда да , әсіресе Африн аймағында да мұндай әрекет жасаған еді. Өкінішке орай мақсатына жете алмады. Түрік армиясы көптеген шиіт сарбазды PKK-лықтармен бірге залалсыздандырды. Енді Иранға жақын күштер Түркияны Иранның солтүстігінде сынауда. Бұның нәтижесінің де олар үшін жақсы болмайтыны баршаға аян.



Ұқсас жаңалықтар