Апталық анализ - 61

Гара операциясының артынан халықаралық қоғамның назары қайтадан Түркияның террормен күресіне ауды.

1590929
Апталық анализ - 61

Түркияның Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында PKK террор ұйымына қарсы жасаған әскери операциясы баршаның назарын қайтадан террормен күреске аударды. 2021 жылы Түркияның Ирак пен Сирияда үлкен операциялар жасап, PKK-ны нысанаға алуы күтілуде. Террор ұйымы PKK әсіресе Түркия мен Иракта үлкен қысым астында. Дегенмен ұйымның Сириядағы тармағы PYD/YPG Түркия үшін қауіп төндіруде. Ұйым АҚШ-тың қолдауымен шағын террор мемлекеті құруға тырысуда.

Сирия азаттық соғысында пайда болған хаостан пайдалана отырып, Сирияның солтүстігіндегі  алаңдардағы ықпалын кеңейте бастаған террор ұйымы PKK-ның Сириядағы құрылымы PYD/YPG әсіресе 2014 жылдан бастап ДАИШ-пен күрес сылтауымен АҚШ-тың да қолдауын алып, елдің солтүстік шығысында жергілікті әкімшілік құрылымдарды қалыптастырып, бақылауындағы алаңның ауқымын кеңейтті. Террор ұйымы құрамына араб топтарды да қосып құрған «Сирия демократиялық күштері» (SDG) атты қарулы күштің шаңырағы астында елдің табиғи ресурстарын бақылауға алып, әрі өз экономикалық күшін арттырды, әрі Асад режимінен бастап, Ресей, Түркия және Иранға қарсы стратегиялық бір үстемдік орнату ізденісіне түсті. Асад режимі болса өз билігін жалғастыру үшін Сириядағы табиғи ресурстарға қайта қол жеткізудің маңызын түсініп, әртүрлі әскери және саяси бастамаларға бел буса да, АҚШ-тың тосқауылы алдында табыссыз болды. Террор ұйымы елдің табиғи ресурстарын бақылауға алып, осылардан кіріс түсіруге қоса тікелей АҚШ тарапынан да қаржыландырылды. АҚШ өзі қамтамасыз еткен жәрдемдермен бірге Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) сияқты елдерден де өз бақылауында SDG/YPG-ге қаржы қолдауы берді.

Қазіргі әскери бақылау алаңдарына сәйкес SDG/YPG Сирияның 30 пайызын құрайтын 40.000 шаршы километрден астам бір алаңды бақылауына алып отыр. SDG/YPG бақылауындағы алаңдар арасында берекелі егістіктерге қоса өте құнды мұнай, табиғи газ және су резервтері де бар. Сирияның суарыла алатын алаңдарының 50 пайызы, энергия резервтерінің 70 пайызы және су резервтерінің 95 пайызы YPG террор ұйымының бақылауындағы аймақтарда орын алады.

АҚШ-тың қорғауындағы аймақтарда күшейе бастаған және елдің маңызды экономикалық резервтерін бақылауға алған PYD/YPG алдымен автономды, кейін толығымен тәуелсіз бір террор мемлекет құруды нысанаға алып отыр. Түркияның бақылауындағы аймақтарға жүйелі түрде бомба тиелген көлікпен шабуылдар жасап, бақылауындағы аймақтарда өмір сүрген тұрғындарды қысым саясатымен өзіне бағындыру талпынысына кірген террор ұйымы қажет жағдайда Ресей және Асад режимімен де келісімдерін жалғастыру арқылы болмысын қорғауға тырысады.

Әсіресе Түркия жүзеге асырған «Бейбітшілік бұлағы» операциясының артынан жасаған іс-әрекеттерімен өзін одан қатты сездірді. Алайда әрі Сирияның шындықтары, әрі Түркия террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағының кішкентай бір террор мемлекеті құруына рұқсат бермейді. Түркия «Бейбітшілік бұлағы» операциясының артынан 2021 жылы бойынша Иракқа қоса Сирияда ұйымға қарсы маңызды әскери операциялар жүзеге асырып, ұйымның күші мен ықпал еткен алаңын одан да кішірейтуге бағытталған қадамдар басуды жалғастырады. Бұл аяда әсіресе Телль-Рыфат, Манбидж, Айн-Иса және Телль-Темир сияқты ұйымның бақылауындағы аймақтарды нысанаға алуы, ұйым қысым жасайтын араб тайпалары мен күрд тұрғындарға қолдау беріп ұйымды әлсіретуі де мүмкін.

Қорытып айтқанда, Түркия тұрғысынан террор ұйымы PKK-ға қарасты құрылымдардың тек қана Түркиямен емес, шекара көршілері ретінде Сирия және Иракта да болмысын жалғастыруына жол берілмейді.

Ардақты тыңдаушылар, сіздерге «СЕТА» Сыртқы саясат зерттеушісі Джан Аджунның анализін ұсындық...



Ұқсас жаңалықтар