Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

2137839
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоғанның Еуропа Одағына жолдауы» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда, Президент Режеп Тайып Ердоған Еуропа күніне орай хабарлама жариялады. Ердоған жолдауында Еуроодақтың саясаттарына назар аударды. Президент «Елімізге қатысты шектен тыс саясаттар алдында Түркия өзінің стратегиялық мүмкіндіктері мен қабілеттерін пайдаланудан тартынбайды» деді.

Хабер Түрік газеті «Бразилияның Палестинаға деген көзқарасы мақтан тұтарлық» деген хабарға орын берген. Президент Ердоған Бразилия президенті Луламен телефон арқылы сөйлесті. Ердоған Бразилияның Израильдің Палестина жерлеріндегі қатыгездігіне көзқарасының мақтан тұтарлық екенін айтты.

Йени Шафак газеті «Израильмен сауданы шектеу шешімнде Түркия табанды» деген хабарға орын берген. Сауда министрі Өмер Болат Израиль Сыртқы істер министрі Йисраэль Кацтың «Түркия экспортқа шектеуді алып тастады» деген сөздеріне жауап берді. Болат «Израиль Сыртқы істер министрінің мәлімдемелері мүлдем ойдан шығарылған және шындыққа еш қатысы жоқ. Біз Израильмен саудаға қатысты үкімет ретінде қабылдаған шешімде табандымыз», - деді.

Хүрриет газеті «Түркияның бойкот шешімі Израильдің күн тәртібіндей деген тақырып қолданған. Израиль баспасөзінде Түркияның Израильмен сауданы тоқтату шешімі күтпеген жағдай және мұның бағаны арттыратыны айтылды. «Бұл біздің жеткізу тлогистикамыздың ең әлсіз нүктесіне ауыр соққы», - деді цифрлық жеткізу тізбегінің бас директоры Элад Баршан.

Сабах газеті «Түрік Әуе жолдарының  жолаушылар саны 25 миллионнан асты» деген хабар жариялаған. 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 23,6 миллион болған Түркияның авикомпаниясының жалпы жолаушысы биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 8 пайызға артып 25,5 миллионға жетті.



Ұқсас жаңалықтар