Кейбір Еуропа елдері Палестинаны мойындайды
Боррель осы елдерді тізіп айтты.
Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Испания, Мальта, Ирландия және Словенияның Палестина мемлекетін мойындайтынын айтты.
Испанияның жергілікті радиостанцияларының бірі «RNE» арнасында берген сұхбатында Боррель Испания, Ирландия, Словения және басқа ЕО елдерінің Палестина мемлекетін мойындайтын күні анықталды ма? деген сұраққа жауап берді.
"Испания 21 мамырда Палестинаны таниды” деді. Боррель Мальта, Ирландия және Словенияның да Палестинаны мойындайтынын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.