«Израиль бомбасы қалмаған кезде ғана тоқтайды»

Боррель кейбір еуропалық басшыларға наразылық білдірді.

2137965
«Израиль бомбасы қалмаған кезде ғана тоқтайды»

Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель «Израиль лақтыратын бомбасы қалмаған кезде ғана тоқтайды» деді.

Боррель Мадридте Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбареспен кездесуі алдында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Израильге қару-жарақ жөнелтуін тоқтату шешімі туралы сұраққа Боррель «Бомбалардың лақтырылуын болдырмаудың жалғыз жолы – қолында бомба болмауы» деп жауап берді.  

Боррель Газа үшін қозғалысқа өтпеген еуропалық басшыларға «Кейбір еуропалық әріптестеріміз «Газада көп адам өліп жатыр» дегенде сұрау керек сұрақ мынау: «Көп дегеніңіз қанша адам? Көп болмауы мақсатында қозғалу үшін 50 мың адамның өлуін күтуіміз керек пе?» деген сөздермен наразылық білдірді.

Кейбір ЕО елдерінің Палестина мемлекетін тану мүмкіндігіне қатысты Боррель «Егер бұл қадамды бірнеше мемлекет жасаса, мен одан да көп елдер ілесетініне сенімдімін. Екі мемлекетті шешімге шын сенетіндердің (Таяу Шығыста) болуы өте жақсы нәрсе» деді.

Палестина мемлекетін тану бастамасын Ирландия, Словения, Мальта және Норвегия қолдағаны белгілі, бұл бастамаға Испания мұрындық болған еді.

Ирландиялық БАҚ хабарларында Испания мен Ирландияның 21 мамырда Палестина мемлекетін мойындайтыны хабарланды. Ал Словения Палестина мемлекетін 13 маусымға дейін тануды жоспарлағанын жариялады.

Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында көбісі балалар мен әйелдер 35 мың бейбіт тұрғын қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар