"Украина бізден әскер сұраған жоқ"
Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездескен Столтенберг «ANSA» агенттігіне баға берді.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинаның НАТО әскерін сұрамағанын, керісінше көбірек қолдау алғысы келетінін айтты.
Бас қала Римде Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен кездескен Столтенберг кездесуден кейін Италияның «ANSA» агенттігіне баға берді.
Франция президенті Эммануэль Макрон көтерген «Украинаға НАТО әскерін орналастыру» идеясы туралы сұраққа Столтенберг «НАТО-ның Украинаға күш енгізу ниеті жоқ. Мен Украинаға өткен аптада барғанымда украиндықтар НАТО әскерін сұраған жоқ. Олар көбірек қолдау алғысы келді» деп жауап берді.
"Біз қазір Ресеймен мағыналы диалог жүргізу өте қиын екенін көріп отырмыз. Олардың басқа елге шабуыл жасауын доғарғанын қалаймыз және Украинада бейбіт шешім қажет", - деді Столтенберг.
НАТО Бас хатшысы сонымен қатар Италияға Украинаға «Samp/T» әуе қорғаныс жүйесін бергені үшін алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.